Иван Крылов – ұлы орыс мысалшысы,
200-ден астам мысалдың авторы. Мысал жанрын классикалық әдебиеттің биігіне көтерді.
Крыловтың мысалдарын Абай жоғары бағалап, қазақ тіліне аударған.
Иван Крылов атындағы көше – Өскемендегі алғашқы көшелердің бірі. Ол өз атауын 1944 жылы
мысалшының 100 жылдығына орай алған. Осы уақытқа дейін бұл көше бір жарым ғасырдан астам
уақыт бойы Крепостной переулок деп аталды, өйткені ол Өскемен бекінісінің шығу жолынан
бастау алған.