Адольф Янушкевич – поляк және
беларусь ақыны, этнограф, революционер, саяхатшы және жазушы. Поляк көтерілісінің толқынында
А. Янушкевич Қазақстанға жер аударылады. Жиырма төрт жыл бойы ол біздің өлкемізде тұрып,
ауылдарды аралап, фольклормен танысқан. Оның қазақтар туралы тарихи-этнографиялық жазбалары
әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. 2018 жылы Өскемен қаласының Меновное ауылындағы
Советская көшесі Адольф Янушкевич атындағы көше болып өзгертілді.