Евразия картасында Шығыс Қазақстан – кішкентай ғана құрлық сияқты көрінгенімен ішкі мазмұны бай, ғажайып континент.
Шығыс Қазақстан табиғаты керемет, Азияның далалары мен шөлейттері Сібірдің таулы тайгасымен тұтасып бірегей ландшафтық түрлілік тудырады: шөл, дала, тайга, жарқыраған мұзды шыңды таулар, көптеген өзендер мен көлдер.
Осы өңір Қытай, Моңғолия, Ресеймен шекаралар түйіспесінде орналасқан. Аумақтың үлкен көлемін Кенді және Оңтүстік Алтай, Қалба, Сауыр, Тарбағатай тау жүйелері алады. Таулар биіктігі 800-1500 м-ге дейін, Алтайдың қиыр шығысында - 3000-4000 м-ге дейін (Мұзтау - 4506 м).
Басты өзендері Ертіс пен оның ірі салалары - Оба, Ұлба, Бұқтырма. Ең ірі көлдері - Марқакөл. Зайсан, Рахманов, Сасықкөл. Алакөл, Маралды. Климаты шұғыл континентальды.
Тарбағатай мемлекеттік зоологиялық қаумалы - 1968 ж.. Оңтүстік батыс Зайсан қазаншұңқырында құрылған. Қаумалдың өсімдіктер әлемі шөл, дала және таулы флораға тән сан алуан. Шырғанақ, бұталы тал, сары қараған, арша, қылша, бөріқарақат, тошала, тобылғы, ырғай, таңқурай, итмұрын, мойыл, шие, итшомырт, алқызыл долана кездеседі. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер кездеседі: дала шұғылығы, Ледебур бадамы, көктем жанаргүлі, алтай рауғашы, еңлікгүл. Мұнда селеудің (боздың) жергілікті түрлері Байтулин бозы және Маңырақ бозы кездеседі. Сүт қоректілер әлемі 43 түрмен танылады, оның ішіндегі қызыл кітаптағылар: тас сусары, жалман, қазақстан арқары, алақоржын, сабаншы. Қаумалда елік, қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, сұр суыр, кекілік, құр, сұр сұр құрдың болуы қалыпты жағдай. Құстың 135 түрі байқалды, оның ішінде сирек кездесетіндер: көкқұтан, тауқұдырет, басбарқылдақ және басқалар. Қызыл кітапқа енгізілген құстар: қара дегелек, дала қыраны, бүркіт, ителгі, ақбас тырна, дуадақ, жорға дуадақ, безгелдек, жыланшы бүркіт, қарақұс, лашын, үкі, қара бауыр бұлдырық (шіл), қолаңтөс (ұбақ) жиі кездеседі. Қаумал аумағында бор дәуіріндегі динозавр қауыздарымен танымал «Алаулаған адырлар» табиғат ескерткіші орналасқан.
Алакөл - Қазақстанның ең әдемі көлдерінің бірі. Суынан басқа тұзды көл емдік лайға, минералды тұздарға бай. Ол Жоңғар Алатауының Солтүстік Шығысында орналасқан Құстар аралында қоқиқаздар, реликт шағаласы, мекен етеді, осы жерде құстардың 40-тан астам түрі бар.
Марқакөл - Қазақстанның ең бір ғажайып орындарының бірі. Марқакөл Ұлттық Қорығын өзіне қамтыған. Осы қиырдың меруерті Марқакөл көлі болып табылады, ол солтүстіктен Күршім және оңтүстіктен Азутау қырларымен шектелген ойпатта жатыр. Көлдің ұзындығы 38 шақырым, ені 19 км және тереңдігі 27 м. Оған 27 өзен мен бастаулар құяды. Көлден тек Қалжыр өзені ғана шығады. Марқакөл суы тұщы және өте жұмсақ, Үскіш балық тек Марқаның көлінде ғана бар. Таулардың жартасты жоталарында жапырақты ағаштар, аралас май қарағай өседі. Субальпілік далалар гүлдерге, сирек кездесетін дәрілік өсімдіктерге бай (алтын және марал тамыры, шыбық тәрізді өсімдік, жуан жапырақты бадан және т.б.). Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай. Ормандарында қоңыр аю, бұландар, түлкі, қабылан, марал (Сібір бұғысы), бұлғын, ақ тышқан, сұңқар, қырғауыл, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлек, күміс шағала мен тағы басқалар бар.
Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы 1992 ж. құрылған. Қорық аумағына өзендердің тарамдалған гидрологиялық жүйесі, мұзды көлдер, бұлақтар, бастаулар, биік таулы батпақтар (Алтайдағы ең ірі батпақ - Гульбище батпағының ұзындығы 6 км, ені 2 км). Қорық аумағында ағатын өзендер: Қара және Ақ Уба, Палевая Разливанка, Линейчиха, Үлкен және кіші Тұрғысын және тағы басқалары Ертістің Карск теңізіне құятын жоғарғы бассейніне жатады. Ақ және Қара Уба өзендері қорық аумағынан тыс жерде Батыс Алтайдағы Ертістің саласы болып табылатын Уба өзеніне барып құйылады. Өзендер көбінесе таудың еріген суымен қоректенеді (40-70%).
Қорық аумағының гидрологиялық жүйесін табиғи қалпында сақтау- жалпы ауданның қалыпты гидрологиялық режимін қамтамасыз ететін негізгі жағдай.
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2001 жылы құрылған. Шөл даладан бастап ну орман алқаптары, биік шыңдардағы альпы шалғындары мен мұздықтарға дейін созылған ландшафтты-климаттық аймақтардың біртұтас жиынтығы. Орман мен өзендерге, балық пен балға, емдік шөп пен кенге, туристердің көзін тартар табиғи естеліктерге бай бұл жердің анағұрлым аумағының табиғаты тұмса және экологиялық таза болып сақталынған. Мұнда Сібір мен Алтайдың ең биік шыңы-қасиетті Белуха тауы бар (4506 м).
Табиғатының әсемдігі жақсы сақталынған, терең өзендерге бай, «қара» және «қызыл» балығы мол, аң және құс аулау мүмкіндігі, қарлы маусымы ұзаққа жалғасатын таулы аймақтар, курорттар (радонды бастаулар мен пантымен емдеу) - мұның барлығы зор табыс әкелетін қуатты туристік индустрияны құруға мүмкіндік туғызады сүтқоректілердің 66 түрін (Қазақстанда мекендейтіндердің үштен бірі), құстардың 250-ден астам түрін, қосмекенділердің үш түрін, бауырымен жорғалаушылардың 4 түрін және жәндіктердің бірнеше мыңдаған түрін кездестіруге болады. Олар өңір аума ғында өзен-көл алқаптарынан тау шалғындарына ,тундралар мен мұзды шыңдарға дейін таудың барлық белдеулерін мекендейді. Алтайдың ең айқын және өзіндік нышаны қар барысы- ілбіс болып табылады. Барыспен қатар оның шегінде Алтай арқары да қорғалады, бұл - арқарлардың ішіндегі ең ірісі, құлжасының салмағы 200 кг-ға дейін жетеді.
Рахман қайнары
Осы орындардың жерасты өзендері емдік радонға бай - радиобелсенді элементтердің таралу өнімі граниттің өте сирек минералдарында болады. Термалды сулар буындарды, омыртқаны, жүйке тамырлары мен теріні емдеу үшін пайдаланылады. Ыстық қайнар көздерді шаруа Рахманов 1763 жылы ашты. Аңызға сәйкес ол маралды жарақаттайды. Күшін жоғалтып барып жануар суға түседі де одан сау болып шығады).
Cібе көлдері - табиғаты таулы-дала және шөлейт жерлердің ортасына орналасқан. Алаб көлемі 40 мың гектар жерді алып жатыр. Қалба гранит алабындағы көл үлкен сауықтыру мүмкіншілігіне ие. Суға түскеннен кейін өзіңді жеңіл сезініп, жұмысқа деген ынтаң артады. Салқын таза тау суы, тұз шомылғы қасиеттеріне ие. Сібе көлі натрий карбонаты, кальций, калии тұздарымен минералданған. Табиғи химиялық зертхана жақсы жұмыс істеуде: судың минералдығы 1 литрге 26 граммнан келеді. Таза су көлдегі гранит жарықшағынан және бастаулардан қайнап шығуда. Сайлардан аққан өзен алабының суларында қарауыз балықтары өмір сүреді. Сібе көлдерінде көптеген балық түрлері мекендейді олар: алабұға, табан, торта және шортан, сазан және оңғақ.