Шәкәрім. Қазақ айнасы: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Атамұра, 2003.-296 б.

   Адамдық борышың –  

                     Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай,

                         Ар сақта, оны біл.

Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз, өнерсіз,

    Болады ақыл тұл.

Барыңды, нәріңді

                          Тірлікте бергейсің.

Ғибрат алар із қалдырсаң,

Шын бақыт – осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің!

    Артына өшпестей із қалдырған қазақтың  дана ұлдарының бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы. Ол - ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихындағы ірі тұлға. Ұлы Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырған, эпикалық жанрдың дамуына үлес қосқан ақын. Оның бұл жинағына нақты өмір суреттерін, махаббат мәңгілігін, табиғат әсемдігін өзек еткен, сондай-ақ ақылгөйлік, әлеуметтік-ағартушылық сипаттағы өлеңдері енген. "Қалқаман-Мамыр", "Еңлік-Кебек", "Нартайлақ пен Айсұлу", "Қодардың өлімі" және "Ләйлі-Мәжнүн" сияқты эпикалық поэмалары берілген. Кәусар жырдың бұлағымен сусындаңыз, құрметті оқырман!