Табеев Қ. Қазақтың Желтоқсаны [Мәтін]: [деректі хикаяттар мен мақалалар] / Қ. Табеев.- Алматы: Дайк-Пресс, 2006.- 328 б.

 

    Кітапта ХХ ғасырдың соңына қарай әлемнің Еуразиялық бөлігін тұтастай алып жатқан кеңестік қызыл империяның іргесін шайқалтқан, төрткүл дүниеге серпін берген әйгілі 1986 жылдың Желтоқсан оқиғасы баяндалады. Ұлт республикаларын жетпіс жылдан астам уақыт бойы тас бұғауда ұстап, сан мыңдаған адамның тағдырын күйреткен тоталитарлық мемлекеттегі ең алғашқы бас көтерген, ұрпаққа ұран болған тәуелсіздік қарлығаштары – қазақ жастарының ерлігі, оларды қолдаған бүкіл халықтың тағдыр-тауқыметі суреттеледі.