Отанымыздың тәуелсіздігіне тарту [Мәтін]: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған үздік әдеби шығармалардың жинағы.- Alan-Media, 2006.- 380 б.

 

  Бұл кітапта Қазақмыс корпорациясы өткізген Отанымыздың тәуелсіздігіне тарту байқауының қорытындысы бойынша 28 автордың шығармалары іріктеліп бастырылған. Солардың бірі М.Бектемірованың Тәуелсіздік тірегім тарихи-публицистикалық поэмасының үзіндісінде тәуелсіздік жолындағы Желтоқсан көтерілісінің маңызы былай деп жырланады:  

Үндемейтін қазаққа,

Қиын екен тіл біткен,

Жуас деген жастардан,

Қайсарлықты кім күткен?

Түтін емес будақтап,

От шығады түндіктен.

Жүректегі қызыл қан

Ағып жатыр кіндіктен.

Желтоқсанның айында

Үсті-басы қан болып,

Тәуелсіздік осылай

Келіп еді біз күткен.