Асқар Оразақын. Тәуелсіздік тартулары.- Алматы: Өнер, 2001.- 112б.-(Отырар кітапханасы)

 

Желтоқсаннан басталды алып ыдырау,

Достар түгіл ұқты қазір мұны жау.

Желтоқсанға айтады алғыс жер әлем

Желтоқсанды қажет әлі ұлылау -

деп Желтоқсан оқиғасына жыр жолдарын арнаған танымал ақын Оразақын Асқардың бұл жинағында тәуелсіздік алғаннан бергі жазған жаңа өлең, дастандарының ең таңдаулылары енді.

«Дербестік дидары», «Мәртебелі ана тіл», «Ұлы көш»сынды циклді өлеңдері өте тартымды оқылады. Тілі шұрайлы, ойы иірімді ұлттық бояуы қою, айтары айқын, тұжырымды туындылар.