Шаханов М.

    Желтоқсан эпопеясы [Мәтін]: деректі роман. / М. Шаханов.- Алматы, 2006.- 624 б.

   

  Шығармалары дүние жүзінің 40-тан астам тілдеріне аударылған, «түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атанған, Қазақстан және Қырғыз республикаларының халық жазушысы Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы» атты деректі романының бірінші кітабына 1986 жылы қазақ топырағында ашу-ыза жарылысы ретінде бой көрсеткен Желтоқсан көтерілісі туралы ой-толғаулары, түрлі философиялық тұжырымдары тиісті құжаттар негізінде баяндалады.

    Мұхтар Шаханов – Кеңестер Одағында кең қанат жайған тоталитарлық жүйе тұсында-ақ, өз өміріне төнген қауіпке қарамай Желтоқсан көтерілісін әлем сахнасына алып шыққан, саналы ғұмырының тең жарымына жуығын күреспен өткізген ақиық ақын. Құпия иірімдерге, ауқымды ой-сана ағысына бай бұл туындыны өз ұлтының қиын кезеңдегі күрделі тарихын бағалайтын оқырманның іздеп жүріп оқитынына күмәнданбаймыз.