homesemail1sm

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«УА, ҚАБАНБАЙ, КӨЗЕЛІМ» республикалық онлайн байқау


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
012345678
Негізгі бетАрхив новостей«Есімі халық есінде»

«Есімі халық есінде»

10 маусым күні сағат 15-00 де ШҚО А.С.Пушкин атындағы кітапханасының Фейсбук парақшасында экономика ғылымдарының докторы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің профессоры, Қазақстанның экономикалық ғылымдар Академиясының толық мүшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі Үсен Сүлейменұлы Әлімбетовпен кездесу ұйымдастырылады.

Үсен Сүлейменұлы Әлімбетовтың бастамасымен белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ағайынды Түймебай мен Тұтқабай Әшімбаевтар туралы тума-туыс, жолдас-жора және әр жылдары қызметтес болған адамдардың естеліктер-жинағы кітапханаға сыйға тарту етілді.
Түймебай Әшімбаев соғыс жылдарында Ленинград майданында «На страже Родины» («Отанды қорғауда») атты майдан газетінің қазақ тіліндегі нұсқасын шығарған. 1942-1945 жылдары газеттің хатшысы, аудармашысы және редакторы болып еңбек етті.
Тұтқабай Әшімбаев еңбекқорлығы, сауаттылығы, туа біткен кісіге жұғымды қасиеттерінің арқасында Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау өңірлерінде жауапты басшы қызметтерді абыроймен атқарып, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері деңгейіне дейін көтерілді. Тәжірибелі басшы, сауатты қызметкер, адал адам – осындай қасиеттерімен өткен ғасырдың 70-80 жылдарында ел есінде қалған азамат. 1971-1973 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің екінші хатшысы лауазымындағы Тұтқабай Әшімбаевты, жергілікті өнеркәсіп саласындағы қызметі кезінде шығысқазақстандық жерлестері адамгершілік қасиеттерімен жоғары бағалаған.
Шараның басты мақсаты - ел қадірлеген тұлғаның есімін есте сақтап, оны болашақ ұрпақтарға аманат етіп қалдыру.

Кемешева Меруерт

Тел.: 26-13-33

konvertor