homesemail1sm

Волшебник изумрудного города


Read More...

Жазғы лагерь 2022


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
0123456789
Негізгі бетАрхив новостей«Көкпекті ауылының тарихы»: онлайн-кездесу

«Көкпекті ауылының тарихы»: онлайн-кездесу

7 желтоқсан күні кітапхананың  facebook @Pushkinlibrary парақшасында «Көкпекті ауылының тарихы» атты тарихшы, өлкетанушы, «Көкпекті ауданының киелі жерлері» кітабының авторы Қайрат Мәліқаждармен онлайн кездесу өтті.

А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана 2021 жылдың қаңтар айынан бастап Шығыс Қазақстандағы «Ауыл тарихы» атты жаңа жобасын өткізіп келеді. Аталған жоба аясында бүгінде 20-дан астам ауыл тарихы жиналды http://kray.pushkinlibrary.kz/ru/hist-chronika/istoriya-vko/istoriya-sjol-vko.html.
Осы жоба аясында кітапхана тарихшылар, жазушылар, журналистер, өлкетанушылар, зерттеушілермен және елді мекендер тарихымен таныстыратын басқа да қызықты адамдармен онлайн-кездесулер циклін өткізіп келеді.

Әр өлкенің өзінің тарихы, киелі жерлері бар. Біздің Шығыс Қазақстан да осындай құпияға толы киелі жерлермен бай. Кездесу барысында Көкпекті ауылының тұрғыны, тарихшы, өлкетанушы Қайрат Малгаждаров мырза Қалба тарихының сырымен, шежіренің жырымен таныстырып, Көкпекті ауылынан 4 км ара қашықтықта орналасқан, жартастарда қашалып салынған таңбалы тастары бар Қаракезең асуына барып III (неолит, ерте қола, қола) дәуірді қамтитын кезеңнің құпиялы сырлары жайында қызықты деректерімен бөліседі. Қазіргі кезде әлемнің барлық жерлерінде қолданысқа еніп жүргін Буккросинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) - «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасынд жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі, 1850 жылдары осы төңіректе өмір сүрген ауқатты шонжар Апрым сол кезде Буккросингті қолданған екен. Апрым асқан бай, әрі сауатты адам болған. Қолданылған кітапханасын кесене күмбезіне қойдыртқан. Көшпенді қазақтар дала кітапхана ретінде қолданып келген. Кеңес үкіметі орнауымен ескіліктің қалдығы ретінде жойылған. Қазір сыртқы тас дуалы, күмбездің қирандысы сақталған. 

Шара соңынан қонағымыз кітапхананың өлкетану қорына "Тілім барда...", "Еркін дауысым", "Көркейген өлке Көкпектіі", "Айналдым арайлы Ақсуатымнан", "Көкпекті ауданының киелі жерлері", "Туың биік желбіресін Тәуелсіз Қазақстаным" кітаптарын сыиға тартты.

 

Malikazhdar Kairat 2

 

Malikazhdar Kairat 1

 

Malikazhdar Kairat 3

 

Malikazhdar Kairat 4

 

Malikazhdar Kairat 5

  Байланыс тел.: 26-13-33 (119)

konvertor