homesemail1sm

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«УА, ҚАБАНБАЙ, КӨЗЕЛІМ» республикалық онлайн байқау


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
012345678
Негізгі бетАрхив новостейТалаптанның тағылымды қырлары

Талаптанның тағылымды қырлары

15 желтоқсан күні сағат 11.00-де А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада жерлес жазушы Талаптан Ахметжанның шығармашылығына арналған онлайн кездесу өтті.

Талаптан Ахметжан - 16 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Теректібұлақ ауылында туған. 1977 жылы Теректібұлақ орта мектебінің 8 сыныбын өте жақсы бітіріп, Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы мектеп-интернатқа ауысады. 1979 жылы мектеп-интернатты бітіріп, Өскемен құрылыс-жол институтына оқуға түседі. 1985 жылы институты бітіріп, құрылыста мастер, Шығыс Қазақстан облыстық телерадио комитетінде редактор, республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде Бас маман, «Егемен Қазақстан» газетінде бөлім редакторы, «Парасат» журналында Бас редактордың орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы Төрағасының орынбасары, «Ан Арыс» баспасының Бас редакторы қызметтерін атқарған. Мамандығы инженер бола тұра, әдебиетке өзінің таланты арқылы білек сыбана араласқан көпқырлы кісілік келбетімен, адамгершілік ар-ожданының биіктігімен көптің көңілінен шығып, жүректерден орын алған қазақ әдебиетіндегі сырбаз тұлға, жазушы-драматург.
Талаптанның қай шығармасын алып қарасаңыз да абзал азаматтың әз жүрегі туған жерімен бірге соққанының куәсі боласыз. Жазушының кейіпкерлері, жер атаулары түгел Өр Алтай, Күршім өңірімен тығыз байланысты.
Онлайн кездесуге жазушының қызы, Абай атындағы педагогикалық университеттің. оқытушысы Ахметжан Әйгерім Талаптанқызы, жазушы мұрасын зерттеуші ШМУ-дың журналистика факультетінің 4 курс студенті Ақтолқын Жансапова, Талаптан Зейноллаұлының көзін көрген, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жазушы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Толымбек Әбдірайым қатысты.

 

 Talaptan Ahmetzhan 1  Talaptan Ahmetzhan 2  Talaptan Ahmetzhan 3

Байланысшы: Слямова З. М.
Байланыс тел.: 26-13-33

konvertor