Таныс болыңыздар! Жаңа кітаптар
Құрметті оқырмандар, Назарларыңызға кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптарды ұсынамыз!
- Домбай, Нұрперзент «Ұлт жаны» кітабы. Жинақта тілге қатысты әр жылдарда жарық көрген мақалалар, сұхбаттар, ой- толғамдар берілген.
- Рсаев, Таңатқан. «Аталы сөз - ақылға көз : қазақ мақал-мәтелдері» басылымы. Жинаққа ұлтымыздың қайнар көзі ешқашан ортаймайтын ұлы мұрасы мейлінше толық топтастырылған.
- Кәрімхан, Заңғар.,Тоқтарбай, Елдос «Абай және алаш : Абайтанудың кейбір мәселелері». Бұл зерттеуге ХХ ғасыр басындағы қазақ оқығандарының қоғамдық- мәдени қызметі негіз болған.
- Ыбырай, Сұлтан. "Жарым адамнан-толық адамға". Кітапта Абай Құнанбайұлының "38 қара сөз"-"Ғақлиат тасдиқат"-"Кітаб тасдиқ" мұрасы Мүрсейіт көшірген нұсқасымен салыстырылып, бүгінгі қазақ тіліне лайықталып қайта жазылып шыққан.
Кітапханаға қош келдіңіздер!
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)