homesemail1sm

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«УА, ҚАБАНБАЙ, КӨЗЕЛІМ» республикалық онлайн байқау


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
012345678
Негізгі бетАрхив новостей«Ұлы даланың қаһарман тұлғасы»

«Ұлы даланың қаһарман тұлғасы»

Кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың ұлы есімдерін» ұлықтау мақсатында ерліктің арқауы, елдіктің бастауы болған дарабоз батыр Қабанбай бабамыздың 330 жылдық мерейтойына арналған ««Ұлы даланың қаһарман тұлғасы»» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ел қорғап, ерлік көрсеткен батырдың өмір жолы мен шайқастары туралы әдебиеттер қойылды.

Kabanbay 2Қазақтың қаһарман қолбасшысы Қаракерей Қабанбайдың халық үшін ханнан да артық қадірі болған. Атамекенді жат қолынан тазарту үшін аттан түспеген баһадүр баба қашанда құрметке лайық.
Ұлы қолбасшы Қабанбайдың азан шақырып қойылған есімі – Ерасыл екені баршаға мәлім. Ол 1691 жылы қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Тарбағатай тауының бөктерінде дүниеге келген.

«Шығыстың ұлылары» топтамасымен жарық көрген «Қаракерей Қабанбай» атты кітапта қолбасшының балалық шағы мен өмір жолы толық суреттелген. Қабанбайдың жеті жасында әкесі Қожағұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала 1708 жылы жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кегін қайтарған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне барып, апайы мен жездесі Бердәулеттің қолында ер жетеді. Өзіне шапқан қабандарды жайратып, «Қабан батыр» атанатыныда осы кез. Содан бастап қашан көзі жұмылғанша қылышын қынабына салмаған.

Kabanbay 3Төлеубай Байжұмаұлының «Елін қорғаған Ерасыл – Қабанбай» жинағында Хан батыр туралы дастандар мен өлеңдер, әңгімелер енген. Қабанбайдың денесінің ірілігіне қарап жеңгелері Нарбала деп атапты. Өйткені, он үш жасар кездерінде үйретіп мінген тайлары мөңкімек түгіл, қайқаң қағып, қайысқан күйі тәлтіректей теңселіп, оның әзер көтеретін көрінеді. Ерасылдың аяқтары мініп келе жатқан тайының еңселілігіне қарамай, жер сызып отырады екен. Бүкіл қазақ даласында болып өткен ірі-ірі шайқастардың бәріне қатынасып, өзінің ерен ерлігі нәтижесінде Қабанбайдың есімі мен қаһармандығы аңызға айналып кеткен.

Аманжан Жақыповтың «Хан батыр Қабанбай» кітабында батыр туралы ой толғаулар енген. Соның бірінде атақты ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпей «Қазақта Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр болған емес» деп бағаласа, әйгілі ғалым Құрбанғали Халид: «Шығыстың бес тарихы» деген еңбегінде: «Абылай ханның дәуірінде батыр және әскербасы болып келген адамдар – Қаракерей Қабанбай батыр, Алтыбай батыр, Ақтамберді батыр, Еспембет батыр және басқалар. Бұлардың әрқайсысы батырлықтарымен асқақ атақ, абырой алған болса да, олардың батырлығынан өресі биігі Қабанбай батыр еді», – деп жазып қалдырған.

Kabanbay 1«Қазақ батырлары» еңбегінде Қабанбайдың отбасы мен жан серігі тұлпары жайлы баяндалған. Батырдың жан жары Гауһар (шын есімі Майсара) – бәсентиін Малайсары батырдың қарындасы. Қабанбай батырмен бірге бірқатар шайқастарға қатысқан. Ерлі-зайыпты қос батырдың тұла бойы тұңғышы – Назым қыз да батырлығымен көзге түскен.
Батырдың аты өзіне жан серік, құтқарушы, қасиетті жануар ретінде суреттеледі. Қабанбай Қубас атын қырық жылға жуық өзіне жауынгер жолдас еткен.

Аслан Ғафуровтың « Ержүрек батыр бабам – Ер Қабанбай» шығармасында дарабоз, баһадүр батыр Қаракерей Қабанбайдың ерлігі мен күрес жолы кеңінен насихатталған. Поэмада тарихта «Шорғаның 80 күндік шайқасы» деген атпен қалған Шорға шайқасы туралы тың деректер бар.
Қазақ халқының елі мен жерінің тұтастығы, бүтін ел, мемлекет болу арманы Қабанбайды Абылайға жақындастырады. Қабанбай батыр Абылай ханның саясатын қолдап, қалың Найман руына бас сардары болып, Абылай ханға бағындырып, бірлігін сақтау саясатын жүргізген. Абылай ханға үш жүздің тізгінін ұстатқан. Соғыс даласында үнемі Абылаймен ақылдасып, билер кеңесі арқылы шешім қабылдап отырған.

78 жасында соңғы жекпе-жегіне шығып, жауды жайратты. Өмірінде 103 рет жекпе-жекке шығып, бәрін жеңіспен аяқтаған.
Дереккөздер ұлы батырдың 1770 жылы 13 қарашада дүниеден өткенін айтады.
Қабанбай батыр – әскери өнер жолын қуған жастарды қайсарлыққа, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелейді. Болашақ ұрпақ Қабанбай батырдың қасиетіне, ерен ерлігіне айрықша бас июі тиіс.

Байланыс тел.: 26-13-33

konvertor