Аңызға айналған дивизия
Жеңіс күні қарсаңында, 5 мамыр күні А.С. Пушкин атындағы кітапханада ШҚО бойынша заңгерлік кеңестер палатасының ұйымдастыруымен «Ешкім де ұмытылмайды» атты кездесу өтті.
Кездесу даңқты 30-шы гвардиялық дивизияның Қызыл Ту орденімен марапатталуының 80 жылдығына арналды. 30-шы Гвардиялық дивизия 1941 жылы Шығыс Қазақстан облысының аумағында 238-ші атқыштар дивизиясы негізінде құрылған. Кездесуге жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Ізғұтты Айтықовтың туыстары Нұрлан Айтықов пен зайыбы қатысты.
Кездесу барысында 30-шы Гвардиялық дивизияның тарихы мен жауынгерлік жолы туралы баяндалып, майдан суреттері көрсетіліп, соғыс жылдарындағы әндер орындалды.
Қосымша ақпаратты кітапхананың Өлкетану сайтынан келесі сілтемелер бойынша алуға болады:
– 30-шы Гвардиялық дивизия туралы - https://kray.pushkinlibrary.kz/kz/30-ая-гвардейская-дивизия-2.html
- жерлес Кеңес Одағының Батырлары туралы – https://imena.pushkinlibrary.kz/kz/otan-qorgaushilar/geroikz.html
- партизан жерлестеріміз туралы –https://kray.pushkinlibrary.kz/kz/ly-zhe-iske-70-zhyl/partizany-podpolshchiki-2.html
- Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтарр туралы -– https://kray.pushkinlibrary.kz/kz/ly-zhe-iske-70-zhyl/brest-amalyn.html
![]() |
![]() |
Байланыс тел.:261 333,вн.119