homesemail1sm

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
0123456789
Негізгі бетАрхив новостейЖас маман А.Құнанбаевпен онлайн кездесу

Жас маман А.Құнанбаевпен онлайн кездесу

10 тамыз күні  А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Абай күніне орай Өскемен қаласының тұрғыны, жас маман – Құнанбаев Абай Ерсінұлымен онлайн форматта кездесу өтті.

абайСтатистикаға сүйенетін болсақ, елімізде 18 232 Абай есімді азамат бар екен. Оның 378-і Шығыс Қазақстан мен Ұлы ақынның туған жері Абай облысының тұрғындары.
Соның бірі, ұлы ақын есімін арқалап жүрген жерлесіміз Абай Ерсінұлы – Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Шілікті ауылында 1999 жылы дүниеге келген. Кіші немересі Абайдың есімін атасы Құнанбай Игісінұлы ырымдап, Абай атасына ұқсасын деп қойған екен.
Ата-анасы шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстаздар. Әкесі Ерсін – Шілікті орта мектебінде география пәні мұғалімі болса, анасы Қарлығаш орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді.
Абай Құнанбаев 2017 жылы Шілікті орта мектебін тәмамдаған. Бүгінгі таңда ШҚО Өскемен қаласының 6-өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші болып жұмыс істейді.
Өмірдегі мақсаты – ата-анасы сияқты ұстаз болып, шәкірт тәрбиелеу. Абайдай ұлға болуға ұмтылу. Сол мақсатқа жету жолында биылғы жылы С. Аманжолов атындағы ШҚУ аяқтап, диплом алды. Хоббиі – ән айту, спортпен шұғылдану.
Ұлы адамдар есімін арқалалап жүру – үлкен аманат, жүгі ауыр жауапкершілік. Осындай ерекше есім иелері өзіне қойылған есімге лайықты болу үшін барынша күш-жігерін салары анық.


Байланыс тел.: 26-13-33

konvertor