homesemail1sm

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«УА, ҚАБАНБАЙ, КӨЗЕЛІМ» республикалық онлайн байқау


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
012345678

«УА, ҚАБАНБАЙ, КӨЗЕЛІМ» республикалық онлайн байқау

слайдер кабанбай каз

 ЕРЕЖЕ

Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған
«Уа, Қабанбай, көзелім» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық онлайн байқау

1. Жалпы ақпарат
Онлайн-байқау жаугершілік заманда ел тағдырын бәрінен биік қойып, ұлттың тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналады.

2. Байқауды ұйымдастырушылар, қатысушылар және өткізу мерзімі
2.1. Шығыс Қазақстан Облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханасы, Шығыс Қазақстан облысы «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ, Халыкаралық ҚАБАНБАЙ қоры байқауды ұйымдастырушылары болып табылады;
2.2 Байқауға ұсынылған жұмыстар 12 сәуір - 27 мамыр аралығында қабылданады.
2.3 Байқау Ережесі кітапхананың https://pushkinlibrary.kz сайтында және https://www.facebook.com/groups/pushkinlibrary.kzhttps://www.instagram.com/pushkinlibrary/ әлеуметтік желі парақшаларында жарияланады.

3. Мақсаты мен міндеттері:
- Қабанбай Батырдың өр тұлғасын ұлықтау;
- Қабанбай батырға қатысты ғылыми-тарихи ақпараттарды жинақтау;
- Болашақ жастарға патриоттық тәрбие беру;
- Рухани құндылығымызды насихаттау;
- Шығармашылық ізденісті жандандыру;
- Батырдың өмірі мен ерлігін зерттеушілердің есімін елге дәріптеу.

4. Байқауды өткізу шарттары мен тәртібі
4.1 Байқауға Қабанбай батырдың өмірі мен ерлігін зерттеуге ниеттенген 5-10 сынып аралығындағы кез келген оқушы қатыса алады.
4.2 Байқау 2 бағыттан тұрады:
І бағыт – Қабанбай батыр туралы жырды жатқа оқу (бейнеролик);
ІІ бағыт – Қабанбай батыр жайлы бейнеролик.
4.3 Бейнеролик кез-келген техникалық құрылғыда болашақта YouTube парақшасына салуға болатындай жасалуы тиіс. (Movavi, Mp-4)
4.4 Жырды жатқа оқу ұзақтығы – 1-3 минут;
4.5 Бейнеролик ұзақтығы – 3-5 минут;
4.6 Бейнеролик тақырыпқа, байқау талаптарына сай болуы керек;
4.7 Шығармашылық ізденіс талап етіледі;
4.8 Байқауға қатысушы жайлы толық ақпарат көрсетілуі тиіс;
4.9 Жұмысты қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қорғауға болады;
5.0 Байқауға қатысушы дайын жұмыстарын Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 102 үйде орналасқан облыстық А. С. Пушкин атындағы кітапхананың тіркеу бөліміне келіп тапсыруына немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды почтасына электронды түрде жіберуіне болады.
5.1 Жеңімпаздар https://pushkinlibrary.kz сайтында және https://www.facebook.com/groups/pushkinlibrary.kzhttps://www.instagram.com/pushkinlibrary/ әлеуметтік желі парақшаларында жарияланады.

5. Қорытынды жасау және марапаттау
5.1 Байқауға ұсынылған бейнероликтер мен автор жайлы мағлұмат (автордың келісімімен) әлеуметтік желіге қойылады.
5.2 Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар 30 мамыр күні анықталып, 1 маусым күні облыстық А. С. Пушкин атындағы кітапханада салтанатты түрде марапатталады.
5.3 Байқау жеңімпаздары арнайы дипломмен, алғыс хатпен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
5.4 Сайысқа белсене қатысқан оқушылардың ұстаздары да алғыс хат, грамоталармен марапатталады.


Барлық сұрақтар жайлы 8-778-149-76-36; 8-705-541-25-25; 8-705-282-11-27, байланыс телефондары бойынша хабарласуға болады.

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы

b1d002c0 0891 4f0f 91e0 c85a515953c7

«Ертегі - ғажайыптар әлемі»
Қазақстандағы «Балалар жылы» мен «Балалар әдебиеті жылына» орай
ұйымдастырылған байқау 

ЕРЕЖЕ

Рухани білімнің, рухани мәдениеттің ауадай қажеттігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол байлықтың көзін әрқашан да «кітап» деген құдірет пен «кітапхана» деген киелі мекеннен тапқан.
Сондықтан да баланың парасатты, білімді, жан-жақты адам болып қалыптасуындағы кітапхананың ролі өте зор екені сөзсіз.

1. Байқаудың қатысушылары мен ұйымдастырушылары:
1.1. «Жақсы кітап – жан азығы» облыстық онлайн байқауын (бұдан әрі – Байқау) ШҚО мәдениет басқармасының «А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы» КММ ұйымдастырады.
1.2. Конкурс координаторы – А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Білім орталығы;
1.3. Байқауға 6 жастан жоғарғы барлық облыс азаматтары қатыса алады.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
2.1. Әдебиетке деген оқырман қызығушылығын арттыру;
2.2. Оқушылардың қиялын, бейнелі ойлауын, шығармашылық қабілеттерін шыңдау;
2.3. Дарынды балалар мен жастарды анықтау;
2.4. Балаларды көркем шығармашылықпен айналысуға тарту;
2.5. Байқау нәтижесі бойынша көрме ұйымдастыру. Іріктеліп алынған шығармалардан кітапша басып шығару.
2.6 Кітап пен кітапхананың қоғамдағы рөлін арттыру.

3. Байқауды өткізу мерзімі, тәртібі және жас ерекшеліктері:
3.1. Байқау жұмыстары 2022 жылдың 01 ақпан – 03 қазан аралығында төмендегі электрондық поштада қабылданады.
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..">This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..
3.2. Байқау номинациялары:
- «Менің ертегі әлемім» – өз жанынан ертегі құрастырып жазу.
Номинация келесі жас санаттары бойынша бағаланады:
- 6-11 жас;
- 12-15 жас.
- 16-18 жас.

- «Аударма әлемі» – қазақ тілінен өзге тілдерге, өзге тілден қазақ тіліне ертегілер аудару;
Номинация келесі жас санаттары бойынша бағаланады:
- 6-11 жас;
- 12-15 жас.
- 16-18 жас.
- «Суреттер сөйлейді» – өзіне ұнаған немесе өзі құрастырған ертегілерді сурет арқылы сөйлету (графикалық шығарма немесе комикс).
Номинация келесі жас санаттары бойынша бағаланады:
- 6-11 жас;
- 12-15 жас.
- 16-18 жас.
- «Балаларға арнаймын» – балаларға арналған ертегі, комикс жазу немесе мультфильм түсіру.
Номинация келесі жас санаттары бойынша бағаланады:
- 18 жастан жоғары.

4. Байқауды өткізу шарттары
4.1 Байқауға ұсынылған жұмыс келесі ақпараттарды қамтиды:
- қатысушылардың тегі, аты, әкесінің аты;
- жасы;
- номинация атауы;
- мекенжайы, байланыс телефондары.
4.2 Сайысқа жіберілген жұмыстар иесіне қайта қайтарылмайды.

5. Байқау қорытындысын шығару
5.1. Байқау қорытындысын шығару және қатысушыларды марапаттау 2022 жылғы 20 желтоқсан, балалар жылын қорытындылау қарсаңында өтеді.
5.2. Қорытынды шығару мен үздік жұмыстарды анықтауды Қазылар алқасы келесі критерийлерге сәйкес жүргізеді:
- жұмыстың мәлімделген бағытқа сәйкестігі;
- мазмұндылығы (ақпараттың сапасы, көлемі және толықтығы; сауаттылығы және баяндалу стилі);
- жұмыстың рәсімделу (оформление) ерекшелігі мен эстетикасы;
- шығармашылық ойдың тұтастығы;
- моральдық-этикалық нормаларға сәйкестігі.
5.3. Жеңімпаздар жекелеген номинациялар бойынша дипломмен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
5.4. Байқауға жұмыстарын жіберген барлық қатысушыларға Байқауға қатысушы СЕРТИФИКАТЫ беріледі.
5.5. Байқаудың Қазылар алқасы жекелеген қатысушыларды ынталандыру сыйлықтарымен марапаттау құқығын өзіне қалдырады.
5.6.Балалары байқауға белсенді қатысқан педагогтар грамоталармен марапатталады.
5.7. Байқау жұмыстары 03.11.2022 жылға дейін қабылданады.
5.8. Байқау қорытындысы туралы ақпарат www.pushkinlibrary.kz сайтында және @ pushkinlibrary.kz әлеуметтік желілерінде жарияланады.

6. Қазылар алқасы
Байқауға қатысатын жұмыстарды бағалау үшін Қазылар алқасы құрылады, оның құрамына кемінде 5 адам – кітапханашылар, балалар оқуы жөніндегі сарапшы, педагогтар, жазушылар, қоғам қайраткерлері кіреді. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделіп, Қазылар алқасының төрағасы мен мүшелері қол қояды.

7. Авторлық құқық
7.1. Байқауға қатысатын жұмыстың авторлық құқығының сақталуына жұмысты байқауға жіберген қатысушы жауапты.
7.2. Жұмысты байқауға жібере отырып, оның авторы автоматты түрде байқаудың ұйымдастыру комитетіне жіберілген материалды интернетте орналастыру құқығын береді.

Қосымша ақпараттар бойынша байланыс телефондары:
8 (7232) 26-13-33; 7 705 282 1127
8 705 5412525 Құдайбергенова Нұргүл Құдайбергенқызы

Виртуалды қосымша

Вирт. продленка слайдер каз 1

Пушкин кітапханасындағы виртуалды қосымша көмек

Виртуалды қосымша көмек – мектептегі қосымша тапсырмалар: кластер, эссе, реферат, жоба, шығармашылық жұмыс және т.б. бойынша ақпарат іздеуге көмектеседі. Тапсырыстар 5-9 сынып оқушылары, ата-аналар мен ұстаздардан да қабылданады.

ВИРТУАЛДЫ ҚОСЫМША КӨМЕК ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
- Қосымша көмек дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00 -18.00 дейін жұмыс істейді.
- Тапсырысты This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына жібересіздер;
- Оқушының үй тапсырмасының нақты тақырыбы бойынша Сіздің өтініміңізге кітапхана қызметкерлері қажетті әдебиеттер, газет пен журналдардан алынған материалдарды, интернет-ресурстарды іріктеп, жібереді.
- Виртуалды қосымша көмек - кітапхананың ақысыз қызметі.

ТАПСЫРЫС БЕРУШІ ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ
- Әдебиеттер тізімі;
- Ақпаратты өз бетімен алу үшін Интернет желісіндегі дереккөзге сілтемелер тізімі;
- Сандық нұсқаға көшірілген кітап көшірмесінің 30% немесе мерзімді басылымнан алынған мақаланың толық нұсқасы;
- Жауап электронды поштаға жіберіледі
- Орындау уақыты тапсырыстың күрделілігіне байланысты.

Кітапханашылар баланың үй тапсырмасы үшін алған бағасына
жауап бермейді.

ВИРТУАЛДЫ ҚОСЫМША КӨМЕК НЕНІ ОРЫНДАМАЙДЫ?
- реферат пен шығарма жазбайды;
- мектеп жобаларын жасамайды;
- математика, физика, химия және т.б. пәндер бойынша есеп шығармайды.

Пушкин кітапханасы Виртуалды қосымша көмек қызметін ұсына отырып,
оқуда сәттілік тілейді!

konvertor