3 сәуір күні кітапханада көптен күткен айтулы оқиға – толық реконструкциядан өткен конференц-залдың салтанатты ашылуы өтті. Кітапхананың 130 жылдығы аясында бұл жаңарту жұмыстары өңірдің сенімді серіктесі – «КАЗЦИНК» ЖШС-нің ауқымды қолдауының арқасында жүзеге асты.































