homesemail1sm

Волшебник изумрудного города


Read More...

Жазғы лагерь 2022


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Таланттар ошағы»: онлайн концерт

«Таланттар ошағы»: онлайн концерт

Шығыс Қазақстан облыстық Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің ашылғанына 65 жыл толады. Осыған орай 20 қазан күні аталмыш оқу орны студенттерінің ұйымдастыруымен Шалқар Рысхановтың жетекшілігімен "Жігер" домбырашылар ансамблінің онлайн лекция концерті https://www.instagram.com/tv/CGj4-3EAlKL/?utm_source=ig_web_copy_link. өтті.

Шығыс Қазақстан Абай, Шәкәрім сияқты талай-талай тума талантты туғызған, даланың өзіндей қоңыр үні күмбірлеген қос жұлдыз, ағайынды Абдуллиндерді де дүниеге әкелген киелі өлке! Өскемендегі музыкалық техникумның алғашқы тыңдаушыларының қатарында өнерге құштар жас таланттар Мүсілім мен Ришат та болды. Ән көгінің қос қарлығашы екі жылдан кейін Мәскеу мемлекеттік консерваториясына оқуға аттанған алғашқы топ құрамына қосылды. Ағалы-інілі әншілердің артистік қызметі 1938 жылы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрынан бастау алады. Әкелері Мүкім Абдуллин домбырада ойнаған. Оның сүйемелдеуімен бүкіл отбасы қосылып жиі ән айтатын-ды. Облыс орталығындағы қазіргі Жамбыл атындағы сая­бақтың аумағында бір кезде тұрғын үйлер болған екен. Сол үйде дүниеге келген қос жұлдыз бүкіл әлемге мәшһүр болып, еліміздің өнер саласын ілгерілетуге үлкен үлес қосты.
1955 жылы, соғыстан кейінгі ауыр жылдары құрылған оқу ордасы қазір тәуелсіз елімізде өз жұмысын сәтті жалғастырып келе жатқан бірден бір оқу орындарының бірі болып табылады. Оқу орнының шәкірттері тек қана қалалық, облыстық деңгейде ғана емес, республикалық, халықаралық додаларда топ жарып жүр.
Ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер ордасы 65 жылдың ішінде он мыңнан астам шәкірт тәрбиелеп, ұшырған екен. Яғни, қаншама білімді, тәжірибелі өнерпаздар осынау білім ордасының қабырғасынан түлеп ұшыпты.
Бүгінде Өскемен қаласында ағайынды Абдуллиндердің есімімен аталатын өнер училищесінде ағайынды Абдуллиндердің өмір жолынан сыр шертетін музей ашылған. 2008 жылдан бастап өнер училищесінде үздік 10 оқушыға ағайынды Абдуллиндер атындағы шәкіртақы тағайындалып келеді.
Училище жанынан құрылған «Жігер» ансамблі үлкен фестивальдерге қатысып, колледждің ғана емес, облыстың, қала берді барша қазақтың абыройын аспанға көтеріп жүр.

zhiger5   zhiger211   zhiger4  


                                                                 Байланыс тел.: 26-39-46 (123)

konvertor