Әскери тарихшы, жазушы - Қыстаубаев Болат Кукашевичпен онлайн кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 09.11.2020 10:29
2020 жылдың 12 қарашасында сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана отандық арнайы қызмет ардагері, отставкадағы полковник Болат Кукашевичпен Фейсбук әлеуметтік желісінде (Болат Кыстаубаев парақшасында) онлайн кездесу ұйымдастырады. Бұл онлайн кездесу қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф, фольклоршы, саяхатшы және ағартушы Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығына арналған.
Отандық арнайы қызметтің ардагері Болат Кукашевич аналитикалық ойлау қабілеті бар шығармашыл тұлға, филолог және тарихымыздың терең қабаттарын білетін тарихшы ретінде танымал. Оның "Шоқан Уәлихановтың құпиясы", "Шыңғысханның басты қарсыластары", "Қырағы көз. Егемендік үшін шайқас" ғылыми мазмұны жағынан бірегей, тарихшылар, ғалымдар, сондай-ақ Шығыс тарихын зерттейтін зерттеушілер үшін үлкен қызығушылық тудырады. Олар сондай-ақ әскери тарихшыларға, жоғары оқу орындары мен орта мектеп оқытушыларына, әскери оқу орындарының курсанттарына, барлау және қарсы барлау қызметкерлеріне қызықты.
Көптеген оқырмандар үшін бұл басылымдар талантты ғалым Шоқан Уәлихановтың ғылыми қызметінің аз зерттелген жақтарын ашатын күрделі жұмысқа айналды.
Байланысшы: Мергембаева Динара
8 705 186 35 86