«Кітапханалардың инновациялық қызметі: тәжірибе, әдістеме, тенденциялар»
- Толығырақ
- Құрылды 05.04.2021 15:50
«Талап қыл артық білуге...»
Абай Құнанбайұлы
2021 жылдың 8 сәуірінде А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапханалардың инновациялық қызметі: тәжірибе, әдістеме, тенденциялар» атты халықаралық онлайн-конференция өтеді. Кәсіби онлайн кездесу кітапхананың 125 жылдық мерейтойына арналады.
Конференция спикерлері – Германия, Эстония, Литва, Ресей, Өзбекстан, Беларусь тәрізді алыс және жақын шетелдің ұлттық, республикалық, өңірлік кітапханаларының мамандары оқуды ілгерілету, кітапханаларға арналған маркетингтік стратегиялар, MakerSpace шығармашылық шеберханалары мысалында цифрлық сауаттылықты дамыту бойынша инновациялық тәжірибелерімен бөліседі.
Сондай-ақ, конференция жұмысына Еуразия Кітапханалық Ассамблеясы, Мәскеу мемлекеттік мәдениет институты, В.И. Даль атындағы Ресей әдебиеті тарихының мемлекеттік мұражайы өкілдері қатысады.
«Кітапханалардағы заманауи IT-технологиялар» секциясында Мартинас Мажвидас атындағы Литва ұлттық кітапханасының Мейкер Спейс шығармашылық шеберханалары, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ғылыми кітапханасының презентациялары ұсынылады.
«Кітап оқу – өмір салты ретінде: балалар мен жастар ортасындағы жаңа идеялар мен жұмыс түрлері» секциясында Удмурт Республикасының Ұлттық кітапханасы, Ленинград облыстық балалар кітапханасы, Таллин Орталық кітапханасы, А.С. Пушкин атындағы Самарқанд облыстық ақпараттық-кітапхана орталығы, Кузбасс мемлекеттік балалар мен жастарға арналған кітапханасы, А. С. Пушкин атындағы Омск мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасынан әріптестер өз тәжірибелерімен бөліседі. Онлайн конференция қорытындысы бойынша материалдардың электронды жинағы шығарылып, ол ары қарай үнемі толықтырылып отырады.
Конференцияның басталуы: сағ. 11.00 (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен). Өту орны: ZOOM платформасы. Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс тілдері.
Байланысшы: Сакпанова Ж.С.
87057612021