homesemail1sm

Волшебник изумрудного города


Read More...

Жазғы лагерь 2022


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Өнермен өрілген өмір» онлайн сұхбат

«Өнермен өрілген өмір» онлайн сұхбат

14 маусым күні А. С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасының ұйымдастыруымен әнші, режиссер, Зайсан ауданының Құрметті азаматы, «Өнерлі елім – Зайсаным» кітабының авторы Көкенай Камалиевпен тікелей эфирде(ZOOM) кездесу өтті.

56446170 ec76 4bb3 8ae1 0df1da401581Көкенай Камалиев 1937 жылы 18 ақпанда Зайсан ауданы, Көгедай ауылында дүниеге келген. 1956 жылы Зайсан ауданындағы «Благодарное» орта мектебін бітіреді. Сол жылы Қазақтың Мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театры жанынан тұңғыш ашылған студияға түскен. 1958 жылы студияны бітіріп, театрда 3-4 жыл жұмыс істеп, көптеген опералық қойылымдарға қатысқан. Ришат ,Мүсілім Абдуллиндер, Қанабек Байсейітов, Құрманбек Жандарбеков, Кәукен Кенжетаев, Әнуарбек Үмбетбаев, Ермек Серкебаев, Роза Жаманова, Ғарифолла Құрманғалиев сияқты өнер майталмандарымен бірге жүріп, спектакльдерде ойнап, ән салады.
К. Камалиев 1961-1963 жылдары Көгедай орта мектебінде музыка пәнінен сабақ беріп, көркемөнерпаздар ұйымын басқарады. Кейін аудан орталығы Зайсан қаласына шақырылып, 1963-1968 жылдары аудандық мәдениет үйінің директоры, халық театрының режиссері, мәдениет бөлімінің инспекторы қызметтерін атқарды.
1977-1997 жылдарда Республикалық Қазақ радиосында саяси хабарлар бас редакциясы мен «»Алтын қор» редакциясында хабарларды музыкамен көркемдеуші және дыбыс режиссеры қызметінде болып сол жерден еңбек демалысына шықты. Зайсан өңірінің мәдениет саласын өркендету жолында еңбек еткен Көкенай Камалиев бүгінгі күні Алматы қаласында тұрады.
Сонымен қатар, кездесу барысында еліміздің бірі әрі бірегейі – биыл 100 жылдық мерейтойын тойлағалы отырған, кемеңгер қарттың жасына келген Қазақ радиосы туралы кеңінен әңгіме айтылды. 

 

Байланысшы: Иманжанова Арайлым
Байланыс тел.: 26-13-33 (123)

konvertor