homesemail1sm

Волшебник изумрудного города


Read More...

Жазғы лагерь 2022


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВРЕСЕЙ-ҚАЗАҚСТАН. ШЕКСІЗ ОҚУЛАР – 2021 Балалар мен ересектердің VII Халықаралық форумы

РЕСЕЙ-ҚАЗАҚСТАН. ШЕКСІЗ ОҚУЛАР – 2021 Балалар мен ересектердің VII Халықаралық форумы

2021 жылы 28-29 қазанда Шығыс Қазақстан, Ленинград облыстарының ірі және шағын қалаларының балалар, ауылдық кітапханаларына балалар мен ересектер жиналып, өз оқуларымен диалог, пікір алмасу, кездесулер мен шығармашылықтың шексіз кеңістігін ашады. Барлық кітапханалар кеңістікте ашық: Санкт-Петербург – Ленинград облысы – Өскемен – Шемонаиха – Хельсинки – Шығыс Қазақстан облысы - 9:00-14:00 дейін (Мәскеу уақытымен) / 11:00 – 17:00 (KZ) ZOOM платформасында, барлық шаралар ЛОДБютуб арнасында көрсетіледі.

chtenie bez granicРесей мен Қазақстанның балалар мен жасөспірімдер кітаптарының жанды ағымы жазушылар мен оқырмандар диалогында ұсынылады. Ақын, прозаик С. Махотин 

Rus Kaz

шығармашылық шеберхана өткізеді. Ресейлік және қазақстандық жас қаламгерлер жаңа кітап беттерін ашып, оқырмандарын тыңдап, бір-бірін кітап арқылы танитын болады. Біздің елімізден 10 жас әрі танымал жазушылар қатысады деп күтілуде.
Идеямен алмасу балалар мен ересектер арасындағы пікірталас – диалогта өтеді. Онда әдебиеттегі оқиғаларды ашу, ықыласпен оқылатын ең қызықты кітапты қалай іздеп, таңдап және бағалауға болатындығы жайлы сөз қозғалады. Қазақстанның балалар әдебиетін зерттеуші Нұрсұлу Шаймерденова, балалар әдебиеті мен балалар оқуының сарапшылары Татьяна Рудишина (Мәскеу), Людмила Степанова (Санкт-Петербург) қазіргі балаларға арналған каталогтар мен оқу орталарын құрудың бірегей тәжірибесімен бөліседі.

Mahotin

Жазушы Ася Петрова «Балалар мен ересектер. Олар бір-бірін кітаптың «ішкі» «сыртқы» бейнесі арқылы қалай ұғынып, түсінеді» тақырыбында ашық оқу және шығармашылық

Shaimerdenova

 студиясын өткізеді.

Форумның екінші күні «Бір-бірін кітап арқылы түсіну» тақырыбына арналады, алғаш рет Ресей мен Қазақстан жазушылары мен оқырмандары қазақ, орыс және фин тілдеріне аудару 

үшін кітап беттерін ұсынады. Орыс, қазақ ертегілері түпнұсқа тілінде және жасөспірімдердің аудармасында оқылады. Жазушылар Ю. Серебрянский, Б.Ахметбекова (Қазақстан), Анна Анисимова (Ресей) форум қатысушыларын мәдениет, келісім диалогы және бір-біріне бағытталған әрекеттерді кітаптармен ашатын «саяхатқа» шақырады.

 

VII Халықаралық форум «Болашақ оқылым» атты үлкен әдеби жиынмен аяқталады. Ресей мен Қазақстан жасөспірімдері өздерінің оқу тәжірибелерін ортаға салып, «ҮЗДІК КІТАПТАР - 2021 – БІРЛЕСІП ОҚУ КЕҢІСТІГІ» виртуалды көрмесіне арналған кітаптарды таңдайды. Қазақ және орыс тілдеріндегі жаңа кітаптар оқылады

.
Кездесудің серіктестері: ВОЛЧОК, ДЕТСКОЕ ВРЕМЯ баспалары, Финляндиядағы балалар оқуы, кітаптар мен орыс тілі туралы «Невидимый слон» клубы (Хельсинки).
Ресей мен Қазақстанда Ленинград облыстық балалар кітапханасы, А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы құрған «Бірлесіп оқу кеңістігі» шағын ауыл мен қалалардағы мыңдаған балалар мен ересектерді біріктіреді, отандастар үшін орыс мәдениетін ұсынады. Шығыс Қазақстанның балалары мен жасөспірімдеріне, шекара маңындағы аумақтарға Ленинград облысы Үкіметінің қолдауымен 2015-2020 жылдары берілген 1,5 мың үздік балалар мен жасөспірімдер кітаптарын оқуға арналған бірегей топтама жиналды (Қаржыландыру 2021 жылы уақытша тоқтатылды).


Жоба үйлестірушісі – Степанова Людмила Валентиновна

 

konvertor