«Таңда туған тілектер»: кітабының тұсаукесері
- Толығырақ
- Құрылды 30.10.2021 18:00
30 қазан, сағ. 13.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Өскемен қаласының тұрғыны Нұрия Темірханованың «Таңда туған тілектер» деп аталатын жаңа кітабының тұсаукесері өтті.
Тарбағатай өңірінің тумасы Нұрия Темірханова – әрдайым ізденісте жүретін, білімге, өмірге шексіз ғашық жандардың бірі, бүгінде Өскемен қаласындағы «Nur Sana» білім беру орталығын құрушы.
Оқырмандар жылы қабылдаған автордың «Таңда туған тілектер» деп аталатын бұл кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде автордың естеліктері, ой-пікірлері жарияланса, екінші бөлімде автордың тілектері, айналадағы адамдарға деген жылы лебізі, афирмациялық сипаттағы жазбалары берілген.
Кітап, жалпы имандылық, діни тәрбие және отбасындағы адамгершілік тағылым туралы, соларды қалыптастырудың түрлі әдіс-тәсілдері мен жолдары хақында. Кітапта кейіпкердің балалық шағы, жастық кезеңі әр қырынан бейнеленеді. Шығарманда негізінен бала тәрбиесі, отбасындағы және адам мен қоғамның арасындағы қарым-қатынас, үлкен кісілердің арасындағы қарым-қатынас туралы айтылған.
Сонымен қатар, автор өмірлік жар таңдаудағы адамгершілік талаптарына еске алу, ұлттық рух туралы айта келіп, бақытты бола білудің қандай екендігі және қалайша бақытты орнатуға болатындығы туралы толғанысын ортаға салады. Кітаптағы насихат, уағыз жекелеген мысалдармен, өмірлік деректермен толықтырылған. Мотивациялық, тәрбиелік, өмірбаяндық бағыттағы кітап – оқырмандар сұрансына ие. Кітаптың алғысөзін жазған – жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұрдәулет Ақыш.
Кітап тұсаукесеріне автордың туыстары, әріптестері, жерлестері қатысты.