«Елбасының шығыстағы замандастары» Айтмұхамет Құрманғалиевпен кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 08.11.2021 15:54
10 қараша күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасының шығыстағы замандастары» тақырыбында Айтмұхамет Құрманғалиевпен кездесу өтті.
Шараның мақсаты: тәуелсіз елдің тұғырын бекітуге атсалысқан аға ұрпақ өкілдерін ұлықтау, аға ұрпақ пен кіші ұрпақ арасындағы сабақтастық жібін бекіте түсу.
Айтмұхамет Құрманғалиев мемлекеттік қызметке 40 жылын арнаған ардагер. Оның ішінде 19 жыл Тәуелсіздік алған жылдардағы ең күрделі сала – облыстық қаржы басқармасының басшысы болған, он екі облыс басшысымен жұмыс істеген, мемлекеттік қызметтің ыстық-суығын бір кісідей көрген азамат. 2011-2013 жылдар аралығында облыстық тексеру комиссиясын басқарған. Жиырма тоғыз жасында қаржы саласы қызметкерлерінің арасында Кеңес Одағы бойынша үздік шығып, кеудесіне «Одақтың үздік қаржыгері» төсбелгісін тағады. Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Елбасы саясатын қолдап, шығыстың экономикасы мен мәдениетін көтеруге атсалысқан еңбек ардагері.
Шара барысында Айтмұхамет аға тәуелсіз Қазақстанның алғашқы уығын қадасып, Елбасы саясатын іске асыруға үлес қосқан жылдардағы естеліктерімен бөлісті. Өскелең ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың жастық кезі мен оның еңбек жолы туралы айтылды.
Байланыс тел.: 26-13-33 (123)