homesemail1sm

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«УА, ҚАБАНБАЙ, КӨЗЕЛІМ» республикалық онлайн байқау


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
012345678
Негізгі бетАРХИВПавел Бажов "Жауһар сөздің шебері"

Павел Бажов "Жауһар сөздің шебері"

2021 жылдың 11 қараша күні  А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында белгілі жазушы, фольклоршы Павел Петрович Бажовтың Қазақстанда өткен өмірі жолы мен шығармашылығының 100 жылдығына арналған «Малахитовая шкатулка» дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстел Президенттік Гранттар Қорының (Ресей) қолдауымен ресейлік «Детский Орден Милосердия» қоғамдық ұйымы және «БАЖОВ» қайырымдылық қорымен жүзеге асырылып отырған «Бажов в Казахстане» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылуда. «Бажов в Казахстане» жобасының мақсаты балалар мен жастар арасында Павел Бажовтың шығармашылық және мәдени мұрасын дәріптеу әрі Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
Орал делегациясының елімізге сапары Қазақстандағы «Балалар әдебиеті» жылына тұспа-тұс келуінің өзі ерекше оқиға. Өйткені, Бажов ертегілері жас оқырманға мәңгілік адамгершілік құндылықтарын дәріптейді. Сондай-ақ, дөңгелек үстелдің биыл 125 жылдық мерейтойын атап өткен облыстық кітапханада өтуі де есте қаларлық оқиға болмақ. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында Өскемен қаласының халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі бола жүріп, Павел Бажов ағартушылық қызметпен белсене айналысып, кітапхананың материалдық жағдайын жақсартып, оны орналастыруға көп жәрдемдескен болатын.
Кездесу аясында орыс және қазақ тілдеріндегі, екі ел суретшілерімен әсем безендірілген Павел Бажовтың «Серебряное копытце/Күміс тұяқ» кітабының таныстырылды. Басылымда көз тартатын суреттермен қатар көнерген және диалект сөздерге егжей-тегжейлі түсініктемелер берілген.
Қонақтарға жазушының шығармалары, кітапхананың Сирек қор басылымдары қамтылған, облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорықтың орыс бөлімі коллекциясы экспонаттарымен үйлесімді толықтырылған «Жауһар сөздің шебері» /«Мастер самоцветных сказов» әдебиеттер экспозициясы ұсынылды.
Іс-шараға Ресей Федерациясының Өскемен қаласындағы Бас консулдығы өкілдері, жазушылар, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің мүшелері, С. Аманжолов атындағы ШҚУ ғалым-оқытушылары, өлкетанушылар, музей, мұрағат және кітапхана ісі мамандары, оқырмандар, ұстаздар, студенттер қатысты. 

Bazhov 5 Bazhov 4 Bazhov 14 Bazhov 7 Bazhov 2  Bazhov 16 
           

  

Байланысшы: Сакпанова Ж.
8 705 761 2021

konvertor