homesemail1sm

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«УА, ҚАБАНБАЙ, КӨЗЕЛІМ» республикалық онлайн байқау


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
012345678
Негізгі бетАРХИВ«Тәуелсіздік құрдастары»: Мерей Зейнешпен онлайн-кездесу

«Тәуелсіздік құрдастары»: Мерей Зейнешпен онлайн-кездесу

2021 жылдың 12 қарашасы күні сағат 15.00-де А.С.Пушкин атындағы ШҚО кітапханасының ұйымдастырумен Zoom платформасында жас талантты музыкант Мерей Зейнешпен онлайн-интервью өткізіледі. Шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығы аясында жүргізіледі.

Мерей 1991 жылы 19 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауылында дүниеге келген. Музыкант өзінің әкесі - «Азия Дауысының» лауреаты атанған «Жерұйық» вокалдық-инструменталдық ансамблінің мүшесі Бауыржан Можановтан шабыт алған. Мерей өзінің музыкалық мансабын 12 жасында Өскемен қаласының музыка мектебінің жанындағы балалар эстрадалық ұжымында бастады. Жас болғанына қарамастан Мерей академиялық оқу гранттарын жеңіп алып, АҚШ, Ұлыбритания және Кореяда музыкалық білім алған.
Орта мектепті сәтті аяқтаған соң, Мерей Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының эстрада бөлімінің студенті болады (Алматы қ.), Францияда, Ұлыбританияда өткен халықаралық музыкалық байқаулар мен республикалық жобаларға қатысады:
2011 ж. – Дүниежүзілік поп музыка фестивалінің Гран-При иегері (Сеул қ., Корея).
2016 ж. – «West Park Music Festival 2016» халықаралық музыкалық фестивалінің Гран-При иегері (Нью-Йорк қ., АҚШ).
2014 жылы Мерей Зейнеш «ТЕНТЕК» тобының құрамында алғашқы клипін шығарып, Алматы қаласында өткен бірінші «Гәкку Дауысы» фестиваліне қатысты.
Қазіргі таңда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті докторантурасының екінші курсында оқиды. «Первое музыкальное издательство» (Ресей) лэйблімен бірге жұмыс істейді. ТМД-да ротацияда тұрған 5 сингл шығарылды. Әнші – «Қазақстанның киелі жерлері», «Танымдық туризм» және т. б. мәдениет пен қоғамдық даму саласындағы бірқатар республикалық және халықаралық жобалардың ұйымдастырушысы.
Үйленген, бір қызы бар.
Мерей Зейнеш шығармашылығы жан-жақты дамыған тұлға. Ол алдына мақсат қойып, сол арманға жетелейтін жолды меңгерген жас музыкант.
Барша өнер сүйер қауымды жас музыкантпен онлайн-кездесуге шақырамыз !

 

Байланысшы: Кемешева М.
Тел. 261-333 (123)

konvertor