homesemail1sm

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«УА, ҚАБАНБАЙ, КӨЗЕЛІМ» республикалық онлайн байқау


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
012345678
Негізгі бетАРХИВ«Ажарлы ауыл – Ақжар»: тікелей эфир

«Ажарлы ауыл – Ақжар»: тікелей эфир

15 қараша күні сағат 15.00-де А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ажарлы ауыл – Ақжар» тақырыбында тарих пәні мұғалімі, шебер педагог, магистрант, өлкетанушы Қабидолдин Қуаныш Тілеуханұлымен @pushkinlibrary Инстаграм парақшасында онлайн кездесу өтті.

d930251c 46a4 4657 aaa4 0f4b61644388Бұл шара – кітапхана ағымдағы жылы өткізіп жатқан Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдар тарихын зерттеуге арналған «Ауылым - алтын бесігім» атты шығармашылық жобасының аясында ұйымдастырылуда.
Әр өлкенің, әр ауылдың өзіндік табиғи және тарихи даму ерекшеліктеріне орай оны мекендеген халықтың, өзіндік дәстүрі мен мәдениеті, тарихы мен шежіресі бар. Ақжар ауылы, еліміздің Шығыс өңірінің оңтүстік-шығысындағы Тарбағатай тауы жоталары мен Зайсан қазан шұңқыры арасында орналасқан іргелі, үлкен ауыл, Тарбағатай ауданының ең үлкен елді мекені, 1997 жылға дейін аудан орталығы болған жер. Ақжар ауылының атауы, ауылдың батысындағы ақ топырақтан түзілген ақжардың орналасуына орай қойылған. Бұл жер әйгілі батыр бабаларымыз Қаракерей Қабанбай мен Саты ұлы ер Дәулетбай батырлардың ат тұяғы тиген жер. Кездесу барысында Ақжар ауылының тарихы мен Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы сөз болмақ.
Шара қонағы, Қуаныш Қабидолдин - 1979 жылы, Ақжар ауылында дүниеге келген. Бүгінгі күні Ақжар ауылындағы Абай атындағы орта мектебінің шебер педагог санатындағы тарих пәнінің мұғалімі, магистрант.
«Тарихқа толы Тарбағатай», «Тарбағатай - Барқытбел: тарихыңды тани жүр» атты кітаптар мен көптеген жинақтарға мақалалары жарияланған. Тарбағатай ауданының алғашқы білім ордасы Абай атындағы орта мектебінің 90 жылдығына арналған «Сан қыранды самғатқан алтын ұя» атты кітаптың құрастырушы редакторы. Оқушылары аудандық, облыстық, респубикалық және халықаралық пән сайыстарының жүлдегерлері. Өлкетану пәніне арналған «Тарбағатай тарихы» авторлық бағдарламасының авторы.
«Қазақстан ұстазы» төсбелгісі және Абай атындағы орта мектебіне 90 жыл» медальінің иегері. Аудандық тарих пәні мұғалімдері шығармашылық тобының алқа мүшесі.
Өлке тарихын арқау еткен тікелей эфирді мына сілтеме арқылы тамашалай аласыздар https://www.instagram.com/p/CWSsxnzhoes/.

Байланыс тел.: 26-13-33

konvertor