homesemail1sm

Волшебник изумрудного города


Read More...

Жазғы лагерь 2022


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВҚалдырған ізің мәңгілік

Қалдырған ізің мәңгілік

Қазақ даласында білімнің шырағын жағып, ұлт ұстазы атанған Ыбырай Алтынсариннің 180-жылдығына орай «Қалдырған ізің мәңгілік» атты оқырман конференциясы 25 қараша күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен өтті.

Ыбырай Алтынсарин - нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, қоғам қайраткері, қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазған, қазақ даласында қазақ қыздарына арнап тұңғыш мектеп ашқан тұлға.
Оқырман конференциясында ағартушы-ғалым Ы.Алтынсариннің еңбек жолын баяндайтын сахналық көрініс қойылып, «Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайына» онлайн экскурсия жасалды. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясына таңдалған «Өнер білім бар жұрттар» кітабы бойынша Ы.Алтынсарин өлеңдерін жатқа айту еркін микрофоны ұйымдастырылып, жерлес жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Нұрдәулет Бабиханұлы Ақыш ағамыздың Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы жайлы тың пікірлері тыңдалды. Сондай-ақ, қаламыздағы Ы.Алтынсарин атындағы №39 орта мектебінің қызметкерлері мектеп ішінен ашылған «Ы.Алтынсарин кабинетімен» таныстырды. Ғалымның шығармашылығына арналған танымдық викториналар ойнатылып, қонақтарға «Ұлтымыздың ұлықты ұстазы» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Altynsaryn I 1 Altynsaryn I 7 Altynsaryn I 2 Altynsaryn I 4 Altynsaryn I 5 Altynsaryn I 9
 Altynsaryn I 3  Altynsaryn I 6  Altynsaryn I 10  Altynsaryn I 11  IMG 6596  Altynsaryn I 8

 


Байланысшы: Құдайбергенова Н.К.
Тел.: 87055412525

konvertor