homesemail1sm

Волшебник изумрудного города


Read More...

Жазғы лагерь 2022


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВЖелтоқсан жаңғырығы

Желтоқсан жаңғырығы

29 қараша күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына, Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған «Желтоқсан жаңғырығы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Шара қонақтары: 1986 жылғы жастар толқуына қатысқан желтоқсаншы жерлестеріміз – ШҚО «Желтоқсан – 86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Рамазанов; Алматы қаласынан осы іс-шараға арнайы келетін Анар Рақымжанова; Бекжан Камалиев; Роза Кенжеханова және т. б.
1986 жылы 17-18 желтоқсан күндері Кеңес билігіне наразылық көрсеткен қазақ жастарының қаһарлы империядан сескенбей, Қазақстанның еркіндігі мен бостандығы жолында бастарын бәйгеге тігіп, орталық алаңға шығып өз талаптарын қоюы ата-бабамыз арман еткен, аманат еткен Тәуелсіздігімізге жол ашты.
Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы, ШҚО мәдениет басқармасының басшысы:
- Желтоқсан оқиғасы қазақтың ұлттық сана-сезімінің өсуіне үлкен әсер етті. "Желтоқсан" - ұлт рухының шыңы деуге болады. Сол кезде қазақ жастары өз өмірлерін қатерге тігіп, жүйе алдында өз құқықтары үшін сөз сөйлеуден қорықпай, Қазақстан Тәуелсіздігінің пайда болуына негіз қалады.
Біз тәуелсіздік идеясын ілгерілетуге үлкен үлес қосқан және бостандық үшін өз өмірін құрбан еткен жігіттер мен қыздардың есімдерін әрқашан есте сақтап, құрметтейтін боламыз. Сондықтан Желтоқсан көтерілісінің куәгерлерімен кездесуге қатысушылар арасында жастардың көп болғаны маңызды. Өскелең ұрпақ қазақ мемлекеттілігінің жандануы мен егемендікке қол жеткізуіміздің қандай бағамен болғанын білуі әрі түсінуі тиіс.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған "Сындарлы 30 жыл – 30 асу" әдебиеттер көрмесі дөңгелек үстел қатысушыларының естеліктерін құжаттық растау болды.

dekabr 1 1 dekabr 1 2 dekabr 1 3 dekabr 1 5 dekabr 1 6 dekabr 1 12
dekabr 1 11 dekabr 1 4 dekabr 1 9  dek 1 dekabr 1 10 dekabr 1 7

 

Байланыс тел.:261 333, ішкі.119

konvertor