«Поэзия, тұңғиық теңіз бе едің?...» облыстық ақындар мүшәйрасы
- Толығырақ
- Құрылды 02.12.2021 16:09
2021 жылдың 8 желтоқсаны күні, сағат 15.00-де Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы аясында А. С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен ақын, Қазақстан Журналистер, Жазушылар одағының мүшесі Серік Ғабдуллинді еске алуға арналған облыстық ақындар мүшәйрасының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Ақынның «Көктем лебі», «Бұқтырма сарыны», «Көктем-көкөрім шағым», «Ақ босаға», «Жылдардан жеткен жаңғырық», «Ұланғайыр», «Сөйле, менің жүрегім», «Алтай асу», «Седой тулпар» кітаптары және жетпіс жасқа толуына арналған екі томдық «Таңдамалы өлеңдер жинағы» оқырманға кеңінен танымал.
Мүшайрада ақындар Серік Ғабдуллинге арналған бір өлең, еркін тақырыпқа арналған бір өлең ұсынды.
Қазылар алқасының құрамында жазушы, ҚР Жазушылар Одағының ШҚО филиалының директоры Әлібек Қаңтарбаев, айтыскер ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Серік Құсанбаев, публицист, ақын, драматург, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Аскерхан Ақтай болды.
Жыр мүшәйрасының жеңімпаздары арнайы дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаздар:
Бас жүлде - Құмар Зиятхан;
1 - орын – Бақытжан Раисова және Дана Исағұл,
2- орын – Әсемгүл Серікбол,
3- орын – Бауыржан Игілік және Оразай Жеңісұлы;
Арнайы сыйлыққа Қызырбек Дүргінбай, Серік Ахмет және Тасқынбек Құндыз ие болды.
|
|
|
|
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)