homesemail1sm

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«УА, ҚАБАНБАЙ, КӨЗЕЛІМ» республикалық онлайн байқау


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
012345678
Негізгі бетАРХИВ#AltaiPhotoLife фотобайқауының қорытындысы бойынша фотокөрме

#AltaiPhotoLife фотобайқауының қорытындысы бойынша фотокөрме

21 желтоқсанда А.С. Пушкин кітапханасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 20 жылдығына арналған #AltaiPhotoLife фотоконкурсының қорытындысы бойынша 100 жұмыстың фотокөрмесі өтті.

Көрмені ұйымдастырушы -"Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ.
Фотокөрме 2021 жылғы 1 сәуір мен 20 қараша аралығында өткен #AltaiPhotoLife фотоконкурсының нәтижелері бойынша өткізіледі.
Байқауға "Шығыс Қазақстанның флорасы", "Шығыс Қазақстанның саңырауқұлақтары мен қыналары", "Шығыс Қазақстанның жануарлары", "Шығыс Қазақстанның құстары", "Шығыс Қазақстанның ландшафттары", "Адам және Табиғат", "Табиғат және балалар", "Техникалық түсіру құралдары", "Шығыс Қазақстанның ЕҚТА"сияқты 10 номинация бойынша өлкеміздің табиғаты мен адамдарын көрсеткен 64 автордың 500-ден астам жұмысы қатысты. Іріктеу кезеңінен 53 автордың 333 жұмысы өтті. Финалға 100 жұмыс өтті, оның 30-ы естелік сыйлықтармен марапатталды.
Қазылар алқасының құрамына Қазақстан мен Ресей Федерациясының ғалымдары кірді.
Фотокөрменің құрметті қонағы Олимпиада чемпионы-жерлесіміз Ольга Рыпакова болды. Ол "Табиғат және балалар" және "Адам және табиғат"номинацияларында қатысушыларға сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады.
Ғабдуллина Әлия Ұланбекқызы - "КМҰТП" РММ ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімінің бастығы (Катонқарағай ауылы, ҚР):
- "#AltaiPhotoLife" фотоконкурсы қоршаған ортаға ұқыпты қарау идеясын дәріптеу, адам мен табиғаттың өзара әрекеттесу мәселелеріне қоғамның назарын аудару, табиғи әртүрлілікті сақтау, табиғатты сақтауға бағытталған, оның ішінде ерекше қорғалатын шараларды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
Қырықбаева Раушан Намазқызы - "КМҰТП" РММ бас директорының орынбасары (Катонқарағай ауылы, ҚР):
- Көрме ұйымдастырушылары ретінде серіктестерімізге алғыс білдіреміз. Олар: Батыс-Алтай мемлекеттік қорығы, Марқакөл мемлекеттік қорығы, "Тарбағатай"мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы, "Семей орманы"мемлекеттік орман табиғи резерваты,Алтай ботаникалық бағы,А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы
Демеушілер: "Сони Электроникс" АҚ-ның Қазақстандағы өкілдігі, "Катонқарағай ауданының тұрақты дамуы" қоғамдық қоры, "ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы"ҚБ филиалы.
Ақпараттық қолдау көрсеткендер - YK.KZ, the STEPPE, TengriTravel.kz, аудандық "Луч-Арай" газеті, @natpark.kazakhstan, @outdoor_kazakhstan, @tvoi_vko.kz, veters.kz
Фотобайқаудың қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтаймыз. Оқырмандарымыз бен қала қонақтарын 2021 жылдың 22 желтоқсаны мен 2022 жылдың 2 ақпаны аралығында #AltaiPhotoLife көрмесін тамашалауға шақырамыз.

konkurs 1 1 konkurs 1 3 konkurs 1 5 konkurs 1 6 konkurs 1 7 konkurs 1 8
konkurs 1 11 konkurs 1 12 konkurs 1 14 konkurs 1 15 konkurs 1 17 konkurs 1 18

 

Байланысшы: Ашкенова Ж. С.
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)

 

konvertor