homesemail1sm

Волшебник изумрудного города


Read More...

Жазғы лагерь 2022


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВБала жанды қаламгер

Бала жанды қаламгер

24 желтоқсан 2021 ж. сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы кітапханада жерлесіміз, «Жоғалған ұйқы» кітабының авторы, филолог, ұстаз, аудармашы, ақын, балалар жазушысы Нұғыманова Кәмшат Әбілғазықызымен кездесу өтеді.

Kamshat NugumanovaКәмшат Әбілғазықызы «Сөзотау» – Қазақ-Мажар балалар әдебиеті жобасының мүшесі, оның бірнеше ертегілері мажар тіліне аударылған. Ол аудандық, облыстық, республикалық әдеби конкурстардың жеңімпазы.
Кәмшат Әбілғазықызының тұңғыш кітабына - балаларға арналған «Отты таяқша!», «Көне кітап», «Мазаққұмарлар елінде», «Күнге қонған көбелек», «Үкінің тапқырлығы», «Ашкөздіктен соқыр болған патша», «Кентаврдың тағасы» және т.б. ертегілерімен қатар «Өкпешіл қыз», «Кітап пен планшет», «Болар елдің баласымыз!», «Әріптер таласы», «Табиғат – байлық!», «Батыр боламын!», «Арманыңды жоғалтпа!» сияқты балаларға ой тастап, тәрбие беретін заманауи үлгіде жазылған өлеңдері енген.
Кездесу кешінде Кәмшат Әбілғазықызының өлеңдерін жас оқырмандарымыз оқып, шығармаларының желісінде театрланған көріністер көрсетеді. Жазушы балалар әдебиеті мен жазушылықтың қыр-сырлары туралы балалармен ой бөліседі. Авторға оқырмандар тарапынан шығармашылығы жайлы қызықты сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылады.
Кездесуге ақындыққа, жазушылыққа қызығушылығы бар бастауыш сынып оқушылары мен ұстаздары шақырылады.
Балалар әдебиетінің жанашыры, ақын, жазушы жерлес Кәмшат Нұғымановамен кездесу – өскелең жас ұрпақтың өнер мен білімге деген құлшынысын арттырып, жасөспірімдердің болашағына бағыт-бағдар береді деп сенеміз.
Кешіміздің соңы жыл көлемінде өткен «Отбасыммен бірге оқимын» және «Кітап оқу көшбасшысы» атты кітап оқу сайыстарының жеңімпаздарын марапаттауға ұласатын болады.
Биылғы жыл Қазақстанда «Балалар әдебиеті жылы» деп жарияланған, осыған орай кітапханамызда балаларды кітап оқуға баулитын көптеген сайыстар мен челлендждер ұйымдастырылды. Сондай сайыстардың бірі «Отбасыммен бірге оқимын» отбасылық кітап оқу сайысы.
Байқаудың мақсаты – отбасылық оқу дәстүрін дамыту арқылы мәдени бос уақытты ұйымдастыру, балалардың ой-өрісін кеңейту, кітап пен кітапхананың қоғамдағы рөлін арттыру.
Міндеті – балалардың кітап оқуына жетекшілік етуде ата-аналарға көмек беру, кітапты көп оқитын белсенді әрі шығармашыл отбасыларды анықтау және марапаттау.
Кітап оқуды қолдау – кітапхана қызметінің басты бағыты. Осы орайда біздің кітапхана биыл бесінші рет Республикалық «Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» мәдени жобасы аясында 6-15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Оқырман көшбасшы» сайысын өткізіп отыр. Осы екі сайыстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары Кәмшат Әбілғазықызының қолынан сыйлықтар мен марапаттар алатын болады.
Сондай-ақ, «Балалар әдебиеті жылы» эмблемасымен жарық көрген кітаптар «Балаларға базарлық» атты көрмеде өз оқырмандарын асыға күтетін болады.
Кітапсүйер жас оқырмандар, келіңіздер, сиқырлы кітаптар әлеміне бізбен бірге саяхат жасаңыздар!


Байланысшы: Құдайбергенова Н.К.
Тел: 87055412525

konvertor