homesemail1sm

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«УА, ҚАБАНБАЙ, КӨЗЕЛІМ» республикалық онлайн байқау


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
012345678
Негізгі бетАРХИВ«Бала жанды қаламгер»: ақын, балалар жазушысы Нұғыманова Кәмшат Әбілғазықызымен кездесу

«Бала жанды қаламгер»: ақын, балалар жазушысы Нұғыманова Кәмшат Әбілғазықызымен кездесу

24 желтоқсан күні А.С. Пушкин атындағы кітапханада жерлесіміз, «Жоғалған ұйқы» кітабының авторы, филолог, ұстаз, аудармашы, ақын, балалар жазушысы Нұғыманова Кәмшат Әбілғазықызымен кездесу өтті.

Кәмшат Әбілғазықызы «Сөзотау» – Қазақ-Мажар балалар әдебиеті жобасының мүшесі, оның бірнеше ертегілері мажар тіліне аударылған. Ол аудандық, облыстық, республикалық әдеби конкурстардың жеңімпазы.
Кәмшат Әбілғазықызының тұңғыш кітабына - балаларға арналған «Отты таяқша!», «Көне кітап», «Мазаққұмарлар елінде», «Күнге қонған көбелек», «Үкінің тапқырлығы», «Ашкөздіктен соқыр болған патша», «Кентаврдың тағасы» және т.б. ертегілерімен қатар «Өкпешіл қыз», «Кітап пен планшет», «Болар елдің баласымыз!», «Әріптер таласы», «Табиғат – байлық!», «Батыр боламын!», «Арманыңды жоғалтпа!» сияқты балаларға ой тастап, тәрбие беретін заманауи үлгіде жазылған өлеңдері енген.
Кездесуде жас оқырмандарымыз Кәмшат Әбілғазықызының өлеңдерін оқып, шығармаларының желісінде театрланған көріністер көрсетті. Жазушы балалар әдебиеті мен жазушылықтың қыр-сырлары туралы балалармен ой бөлісті. Авторға оқырмандар тарапынан шығармашылығы жайлы қызықты сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылды.
Кешіміздің соңы жыл көлемінде өткен «Отбасыммен бірге оқимын» және «Кітап оқу көшбасшысы» атты кітап оқу сайыстарының жеңімпаздары марапатталды.
Биылғы жылы елімізде жарияланған «Балалар әдебиеті жылы» аясында кітапханамызда балаларды кітап оқуға баулитын көптеген сайыстар мен челлендждер ұйымдастырылған болатын. Сондай сайыстардың бірі «Отбасыммен бірге оқимын» кітап оқу сайысы.
Байқаудың мақсаты – отбасылық оқу дәстүрін дамыту арқылы мәдени бос уақытты ұйымдастыру, балалардың ой-өрісін кеңейту, кітап пен кітапхананың қоғамдағы рөлін арттыру
Міндеті – балалардың кітап оқуына жетекшілік етуде ата-аналарға көмек беру, кітапты көп оқитын белсенді әрі шығармашыл отбасыларды анықтау және марапаттау.
Біздің кітапхана биыл бесінші рет Республикалық «Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» мәдени жобасы аясында балалар мен жасөспірімдерге арналған «Оқырман көшбасшы» сайысын өткізіп отыр. Осы екі сайыстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары Кәмшат Әбілғазықызының қолынан сыйлықтар мен марапаттар алды.
Сондай-ақ, қонақтар «Балаларға базарлық» кітап көрмесінен «Балалар әдебиеті жылы» эмблемасымен жарық көрген жаңа кітаптармен танысты.

kamchat 1 3 kamchat 1 4 kamchat 1 5 kamchat 1 6 kamchat 1 1  kamchat 1 8   

 

Байланысшы: Кудайбергенова Н. К.

Тел: 87055412525

konvertor