homesemail1sm

Волшебник изумрудного города


Read More...

Жазғы лагерь 2022


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВҰлы даланың ұлы тұлғалары

Ұлы даланың ұлы тұлғалары

Кітапхана жыл сайын мерейлі даталарды атап өтуді дәстүрге айналдырған. Биылғы жыл қандай мерейтойлармен ерекшеленетінін білесіз бе? Бұл сұрақтың жауабын 18 ақпан күні сағат 11.00-де ашылу салтанаты болатын «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты мерекелік әдебиеттер көрмесінен таба аласыздар.

Қазақта ұлтының ертеңі үшін туған жаужүрек батырлар, дана би-шешендер, ел бастаған көсемдер жетерлік. Олардың есімдері халық жадында жаңғырып, келешек ұрпаққа үлгі болуда. Биылғы жылы «Ұлт перзентіне» айналған бірқатар мемлекет қайраткерлерінің мерейтойлары аталып өтіледі, ал кездесу барысында осы тұлғалар жайлы сөз болады, олар: Қазақ мемлекетінің ішкі билігіне де, сыртқы саясатына да өлшеусіз еңбек сіңірген Қаз дауысты Қазыбек би; 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымұлы; жоңғар-қалмақ шапқыншылығына қарсы күресте қол бастаған Қаракерей Қабанбай, Көкжал Барақ батырлар; қазақ тіл білімінің негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлы; Ұлы Отан соғысына қатысушы, облыс мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Оралбек Малдыбаев және т.б.
Ұлттық әдебиетімізді әлемдік мәдени үдеріс биігіне көтеріп, өрісін кеңейтіп, өресін көтеріп «Өмір жырын шерте білген» аға буын өкілдері: қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі Дулат Бабатайұлы; ғұлама ғалым, Абайды әлемге танытқан ұлы жазушы Мұхтар Әуезов; журналист, жазушы, әдеби сыншы Георгий Гребенщиков; махаббатқа деген жаңа көзқарасты оята білген Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов; ақын, прозашы, КСРО Жазушылар одағының, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Михаил Чистяков; журналист, жазушы Шәкерхан Әзмұхамбетов; республикалық «Ақ Ертіс» әдеби, мәдени-қоғамдық журналының бас редакторы, «Шабыт» жас ақындар мектебінің жетекшісі, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Серік Ғабдуллин; Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы, журналист, публицист Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлы және т.б. Шара барысында осы әдебиетсүйер азаматтарымыз жайлы басылымдармен бірге, танымдық бейнероликтерді де тамашалай аласыздар.
«Өнерімен өмірлерін өріп», шығармашылығымен еліміздің абыройын аспандатқан асқақ талант – мерейгерлеріміз: ақын, әнші, композитор Әсет Найманбайұлы; белгілі актер, музыкант, жазушы-драматург, еліміздің алғашқы режиссерінің бірі Жұмат Шанин; қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі Күләш Байсейітова; күміскөмей әнші, Қазақстан және КСРО-ның Халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Бағланова; Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші Роза Рымбаева; жазушы, журналист, фотосуретші Владимир Нетисов; кинорежиссер, Қазақстан Журналистер және Кинематографистер одағының мүшесі, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Анатолий Лаптев, Мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстанда теңдесі жоқ этноауылдың негізін қалаушы Николай Зайцев және т.б. Кездесу қонақтары Роза Бағланованың ең танымал әнін жергілікті әншілеріміздің орындауында тамашалайды.
«Өр Алтайда ізі қалған тұлғалар» арасында да мерейгерлеріміз бар: алғашқы әскери қазақ ұшқышы Жақыпбек Малдыбаев; Кеңес Одағының Батыры, ержүрек азамат Ізғұтты Айтықов; ҚР ҰҒА академигі, Өскемен қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан-Американдық Еркін университетінің ректоры Ережеп Мамбетқазиев; қоғам қайраткері Өскемен қаласының Құрметті азаматы Замза Қырықбаев; балуан, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Тұрлыханов т.б. Осы және жоғарыда айтылған, «Елім» деп туған мерейгерлердің керемет өмірі мен шығырмашылығы туралы шараға қатысушылар жерлестердің естеліктері, фото мен бейнематериалдар, әдебиеттермен танысу т.б. арқылы танысып, бөлісе алады. Бабалар рухына бас ие отырып, олардың ерлігі мен еңбегін насихаттайық! Келіңіздер, қызықты да танымды, интерактивке толы кездесудің куәсі болыңыздар!

Байланысшы: Кемешева М.Н.,
тел.: 26-13-33

konvertor