Сәлем, Наурыз!
- Толығырақ
- Құрылды 22.03.2022 17:15
Наурыз - шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Қазақ халқы да наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Осы жаңа жыл құрметіне орай ШҚО А.С. Пушкин атындағы кітапханасы "Император" сауда үйімен бірлесіп мерекелік шара ұйымдастырды.
Мерекелік бағдарлама "Наурыз көктем" ән-шашуымен басталып, ақ тілек батамен жалғасты. Сонымен қатар қонақтар "Наурыз тойы-мереке, салт-дәстүрім - береке" атты викториналық ойындарға қатысып, оюлы қоржында жасырылған сөзжұмбақтар мен қызықты сұрақтарға белсенді жауап беріп тәтті сыйлықтарға ие болды. Кітапхана қызметкерлері сублимациялық техника арқылы басылып шығарылған түрлі-түсті жеңіл жейделер мен крушка сияқты қолөнер бұйымдарының жарнамасын жасады. Сондай-ақ кішкентай балалармен графикалық планшетте түрлі сурет салып, Quiver қосымшасының жанды суреттерін бояды. Соңында Император сауда үйінің қызметкерлері барлық келген қонақтарға арнайы әзірленген палау тағамын таратты. Ұлыстың Ұлы күніне орай ұйымдастырылған шара өте қызықты өтті. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамын бірлесіп өткізуге ат салысқан "Император" СҮ қызметкерлеріне алғысымыз шексіз.
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
|