homesemail1sm

Волшебник изумрудного города


Read More...

Жазғы лагерь 2022


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ"Ертегі әлеміне саяхат" танымдық мерекелік апталық

"Ертегі әлеміне саяхат" танымдық мерекелік апталық

2022 жылғы 4-9 сәуір аралығында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана өз оқырмандарын Қазақстандағы Балалар жылына және 4 сәуір - Халықаралық балаларға арналған кітап күніне орай ұйымдастырылатын «Ертегі әлеміне саяхат» атты танымдық мерекелік апталыққа шақырады.

Бүгінгі бала – ертеңгі тұлға. Алғыр да озат, ақылды да білімді ұрпақ – жарқын болашағымыздың кепілі. «Білімнің бас құралы – кітап» - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, білімді ұрпақ тәрбиелейміз десек, баланы кішкентай шағынан кітап оқуға баулығанымыз абзал.
Бұл мереке бұрынғыдан ерекше болмақ, себебі, қонақтарды түрлі ертегі кейіпкерлерінің өздері қарсы алатын болады.
Мерекелік бағдарламаны жас оқырмандарға арналып ерекше жасақталған «Таңғажайып кітаптар әлемі» атты интерактивті ауқымды кітап көрмесі ашады. Көрмеде өткен жылы бастау алып, биылғы жылы жалғасын тапқан «Балалар әдебиеті жылы» аясында арнайы эмблемамен жарық көрген Несіпбек Айтұлының «Шыбын-шіркей», Юрий Серебрянскийдің «Қазақстандық ертегілер», Әділдабек Салықбайдың «Айдана мен Ақжолтай», Тілеуғазы Бейсембектің «Зерек бала», Шәкен Күмісбайұлының «Сәби болғым келеді» кітаптары, кішкентай оқырмандардың сүйікті кітаптарына айналған «Big dream» баспасынан жарық көрген анимациялық 4D кітаптар, тактильді кітаптар, жаңа форматтағы басқа да басылымдар ұсынылатын болады.
Мереке барысында жас оқырмандар өздері оқыған ертегілердің авторлары – жерлес балалар жазушылары Күлмай Сембаева, Яна Абдеева, Бану Ахметова, Кәмшат Нұғымановамен кездесіп, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, емен-жарқын сұхбат құра алады. Авторлар балаларды жаңа ертегілерімен таныстырады. Сондай-ақ, балаларды «Таңғажайып кітаптар әлемі» атты балаларға арналған жаңа кітаптар көрмесі күтетін болады. Көрмеде «Балалар әдебиеті жылы» логотипімен шығарылған кітаптар, 4D кітаптары, сонымен қатар жаңа форматтағы тактильді кітаптар да қойылады. Апталық барысында балалар жазушысы Зияш Телеуовамен онлайн кездесу өтеді. «Сиқырлы қылқалам» алаңқайында Өскемен қаласындағы «Оқушылардың шығармашылық сарайындағы» сурет үйірмесіне қатысушылары ертегі кейіпкерлерін бейнелеуден шеберлік сағаттарын жүргізеді. «Ақ әжемнің ертегісінде» «Шығыс Қазақстан халқының ертегілері мен аңыздары» бейнежобасына қатысқан ертегішілер ұлттық киімде өз халқының ертегілерін балаларға айтып беретін болады. «Ертегітерапияда» ертегі арқылы шығармашылық қабілет пен сананы дамытуға бағытталған психологиялық ойындар ойнатылып, психолог маман ата-аналарға кеңестер беретін болады. «Ғажайыптар мекенінде» мейірімді періқыздар балалармен бірге түрлі заттардан (қағаз, ермексаз, ализе-пуффи жібінен т.б.) ертегі кейіпкерлерін жасайды. «Тазша баланың қырық өтірігінде», «Тазша бала» балалармен бірге кітап оқып, ойын ойнатады. «Білгішбек» алаңында ертегілер бойынша танымдық ойындар ұйымдастырылып, викториналық сұрақтар қойылатын болады. «Ертегі әуендерінде» қатысушыларға ертегі мен мультфильмдер әнінен еркін микрофон ұсынылады. «Сүйікті ертегі беттерінен» тақырыбында квест ойыны ойнатылады.
Жас оқырман бұл мерекеге қатысу арқылы кітапханадағы бай кітап қорымен танысып, өз таным көкжиегін кеңейетініне және кештен алған әсерлерінің ұзақ уақытқа дейін сақталынына сенімдіміз.
Кітап сүйер жас оқырмандар, келіңіздер, сиқырлы кітаптар әлеміне бізбен бірге саяхат жасаңыздар!

 

Халықаралық балалар әдебиеті, Қазақстандағы балалар мен балалар әдебиеті жылына орайластырылған

«Ертегі әлеміне саяхат» атты апталық бағдарламасы 04.04.2022 - 09.04.2022

4 сәуір
15.00 - «Сиқырлы кітаптар әлемі» балаларға арналған жаңа кітаптар көрмесі

 5 сәуір

11.00 - «Сүйікті ертегі беттерінен» квест ойыны
15.00 - Балалар жазушысы Зияш Телеуовамен онлайн кездесу

6 сәуір
11.00 - «Сиқырлы қылқалам» (Өскемен қ. «Оқушылардың шығармашылық сарайындағы» сурет үйірмесіне қатысушылардың ертегі кейіпкерлерін бейнелеу шеберлік-сағаттары)

15.00- «Ақ әжемнің ертегісі» («Шығыс Қазақстан халқының ертегілері мен аңыздары» бейнежобасына қатысушылар ұлттық киімде өз халқының ертегілерін айтып береді).

7 сәуір

11.00 -«Білгішбек» ертегілер бойынша квест, викторина

15.00- «Ертегітерапия» ертегі арқылы шығармашылық қабілет пен сананы дамытуға бағытталған психологиялық ойын

 8 сәуір

11.00- «Үш торай» қуыршақ театры ертегісінің қойылымы

15.00 «Жақсылық сиқыры»  мейірімді періқыздар балалармен бірге түрлі заттардан ертегі кейіпкерлерін жасайды

9 сәуір
11.00 - «Тазша баланың қырық өтірігі» Тазша балалармен бірге кітап оқып, ойын ойнатады
14.00- «Ертегі әуендері»  ертегі, мультфильмдердегі әндерден еркін микрофон

 

Байланысшы: Құдайбергенова Н.Қ.
тел.: 8 705 541 2525

konvertor