homesemail1sm

Волшебник изумрудного города


Read More...

Жазғы лагерь 2022


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВБалаларға арналған танымдық мерекелік апталық басталды

Балаларға арналған танымдық мерекелік апталық басталды

Бүгін 4 сәуір күні Пушкин атындағы облыстық кітапханада балаларға арналған «Ертегі әлеміне саяхат» атты танымдық мерекелік апталықтың ашылуы өтті. Кішкентай қонақтарымызды сүйікті кітаптарының ертегі кейіпкерлері қарсы алды. Ертегі кейіпкерлері балалармен бірге ертегілерден өлеңдер мен үзінділер оқып, викториналар шешіп, ашық микрофонда ән шырқады.

Іс-шара 2 сәуірде атап өтілетін Халықаралық Балалар кітабы күнімен Қазақстандағы балалар жылына арналды. Ертегі әлеміне саяхат «Таңғажайып кітаптар әлемі» интерактивті кітап көрмесінің ашылуымен басталды.
Көрмеде өткен жылы бастау алып, биылғы жылы жалғасын тапқан «Балалар әдебиеті жылы» аясында арнайы эмблемамен жарық көрген Несіпбек Айтұлының «Шыбын-шіркей», Юрий Серебрянскийдің «Қазақстандық ертегілер», Әділдабек Салықбайдың «Айдана мен Ақжолтай», Тілеуғазы Бейсембектің «Зерек бала», Шәкен Күмісбайұлының «Сәби болғым келеді» кітаптары, кішкентай оқырмандардың сүйікті кітаптарына айналған «Big dream» баспасынан жарық көрген анимациялық 4D кітаптар, тактильді кітаптар, жаңа форматтағы басқа да басылымдар ұсынылды.
Балалардың айтуынша олар ертегіні жақсы көреді. Олар бүгінгі мерекеге өздерінің оқыған кітаптарынан салған суреттерін, сондай-ақ, арнайы электрондық бағдарламада салынған суреттерін де әкелген. Олар өздерінің сүйікті жазушылары туралы қызу әңгімелеп, олардың кейбіреулерімен тіпті жүзбе-жүз кездескендерін де айтты.
Өскемен қаласының №45 жалпы білім беретін мектебінің "Кітапқұмарлар" үйірмесінің жетекшісі Лұқпанова Лизайда Мұхтарқанқызы:
Балаларға әіресе жерлес жазушы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кәмшат Әбілғазықызының «Күнге қонған көбелек» ертегісі қатты ұнады. Балалар барлық ертегілерінің ішінен автордың жан дүниесін көрсететін осы ертегісін таңдап алды.
Кітап көрмесінің 4-9 сәуір аралығына дейін жалғасатынын қуана хабарлаймыз. Біз ертегілер әлеміне қызығушылық танытатын, балалардың қиялы мен қиялын дамытудың маңыздылығын түсінетін барлық балалар мен ересектерді шақырамыз.

otkritie 1 1 otkritie 1 8 otkritie 1 4 otkritie 1 10 otkritie 1 6 otkritie 1 11 

 

otkritie 1 16

 

otkritie 1 19

 

otkritie 1 7

 

otkritie 1 9

 

otkritie 1 13

 

otkritie 1 18

 

konvertor