«Білгішбек» ертегілер әлемінде, шығармашылық қабілетті дамытуға арналған «Ертегітерапия»
- Толығырақ
- Құрылды 07.04.2022 16:41
«Ертегілер әлеміне саяхат» танымдық мерекелік апталығын, «Білгішбек» қызықты интеллектуалды квест-ойыны жалғастырды.
Балалар ертегілерді көп оқып, есте сақтаса барлық тапсырмаларды оңай орындап, жұмбақтарды шешу қиын болмайтынына көздері жетті. Ертегі оларға өз біліміне сенім артуға үйретті. Квест ойынының қатысушылары кейіпкерлер мен сиқыршылар әлемін, жұмбақ құпияларды ашты.
Бұл күні «Ертегітерапия» балаларға өздерінің шығармашылық талантын сезінуге және дамытуға көмектесті. Ойын барысында психолог жеке тұлғаны біріктірудің ертегі формасын қолдана отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытып, сыртқы әлеммен өзара әрекеттесуді жетілдіре отырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту ойынын өткізді. Маманның көмегімен балалар өз таланттарының қырларын аша алды.
|
Байланыс тел.261 333