homesemail1sm

Волшебник изумрудного города


Read More...

Жазғы лагерь 2022


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ"Ғылым таппай мақтанба..." кітапханадағы ғылым апталығы

"Ғылым таппай мақтанба..." кітапханадағы ғылым апталығы

Халқымыз үшін білім мен ғылымның, тәлім мен тәрбиенің орны қашанда бөлек. Ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба...» деп жас ұрпақты ғылымға жетелеген ұстанымы қай уақытта болса да маңызды.12 сәуір – елімізде ғылыми қызметкерлері күні. Сондай-ақ, бұл күн Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні болып табылады. 12-15 сәуір аралығында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана бірнеше күн ғылым алаңына айналып, өз пайдаланушыларын ғылымның түрлі салалары бойынша танымды да қызықты бағдарламаларымен қарсы алады.

Бұл күндері жаңалыққа жаны құмар білімпаздар ғылым мерекесінің салтанатты ашылуына қатысып, «Ғылымды бағындырған батырлар» атты интерактивті кітап көрмесін тамашалай алады. Көрмеден ғылым шыңына шыққан әйгілі ғалымдардың өмірі мен еңбектеріне арналған басылымдар, қызықты материалдар орын алған. Дәл осы 12-сәуір күні қазақтан шыққан тұңғыш академик, Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген. Көрмеде ұсынылған М.Сәрсекенің ғалымға арнаған «Қазақтың Қанышы», «Қаныш Сәтбаев», «Дара дарын» және т.б. әдебиеттер оқырманның ерекше қызығушылығын тудырары сөзсіз. Сондай-ақ, көрмеден «Қазақстанның ғылымы мен өмірі», «Медицина», «Математика. Информатика.Физика», «Биология және салауаттылық негізі», «География және табиғат», «Физика және астрономия», «Экология и промышленность» және т.б. мерзімді басылымдарды да парақтауға болады. Бұл күні кітапхана қонақтары көңілді тәжірибелер жасап, квест пен викториналық ойындар ойнап, ғарышқа сапар шегіп, Шынайылықты бірге игеретін болады. Апталық барысында 13 сәуір тіл ғылымына, 14 сәуір биология, зоология, экология ғылымдарына, 15 сәуір информатика мен математика ғылымдарына арналады. Бұл күндері мерекеге қатысушыларды түрлі халықтар тілдеріне арналған лингвистикалық викториналар, интеллектуалды және квест ойындары, түрлі сайыстар, сондай-ақ, «Өз ашық хатыңды жаса», «Фото Ретушь», «Өз аватарыңды жаса», «Өз бейнеңді жаса» тақырыптарында фотошоп және вегас шеберлік-сабақтары күтеді.
Қызықты, шығармашылыққа толы, интеллектуалды кездесуде кітапханамен бірге болыңыздар!

«Ғылым таппай мақтанба» ғылым апталығы БАҒДАРЛАМАСЫ

8-15 сәуір – «Ғылымды бағындырған батырлар»: интерактивті көрме-энциклопедия;
8 сәуір – «Герман Титов - сибиряк, покоривший космос»: ғарышкер Г.С. Титовтың Алтай мемлекеттік мемориалдық мұражайымен онлайн эфир (Алтай өлкесі, Полковниково селосы);
13 сәуір – Тілдер күні:
«Тіл әлемі»: лингвистикалық викториналар, танымдық квест ойындар;
14 сәуір – Биология күні:
«Интеллектуалды мозаика»: биология, зоология, экология ғылымдарына арналған интерактив;
15 сәуір – Информатика күні:
«ІТ – Зерттеп-зерделе! Іске асыр!»: танымдық ойындар, логикалық есептер, Amazing Mathematics әлеміне саяхат, фотошоп, дизайн, Vegas Pro және т.б. шеберлік-сағаттары.

 

Байланысшы: Құдайбергенова Н.К.
Тел.: 87055412525

konvertor