homesemail1sm

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«УА, ҚАБАНБАЙ, КӨЗЕЛІМ» республикалық онлайн байқау


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...

Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны


Read More...
012345678
Негізгі бетМЕДИАТЕКАЖаңарған Қазақстан

Жаңарған Қазақстан

 

Жаңарған Қазақстан – он сериялы деректі фильм - DVD-де

Фильмде еліміздің өткені мен бүгіні тарихи тұрғыда зерделенген. Осыдан 50 ғасыр бұрын Еуразия жүрегінің нақ ортасында, қазіргі Қазақстанның аумағында қыштан өрілген шеңбер, төрт дөңгелекті арба немесе тас кітаптардың пайда болуы тәрізді жаңалықтарға назар аудара отырып, сценарий авторлары уақыт пен ұрпақ жалғастығына тарихи мифтік дизайнды қолдана отырып акцент жасаған.

1 серия
Биік мәре

Қазақстан ұзақ жылдардан бері шикізат өндіруші және аграрлық ел ретінде танылып келді. Экономиканың дамуына жаңа көзқарас біздің елімізге алдыңғы қатарлы технологияларды белсенді дамытушы, оның ішінде, ақпараттық технологияны дамытушы елдердің қатарына енуге мүмкіндік берді.
Бұл серияда - арнайы экономикалық зона - ALATAU-CITY технопаркі және физика-техникалық институты жанындағы кремний мен силан алу технологиясын әзірлейтін Ұлттық нанотехнология лабораториясы туралы әңгімеленген.

2 серия
Металды бағындырғандар

Қазақстан металлургиясының өзіндік бай тарихы бар. Бұл серияда – металлургия саласындағы соңғы ғылыми жаңалықтар  әңгімеленген: жаңа КИВЦЭТ технологиялары, «ВНИИЦВЕТМЕТ» институтының «Голд Нобель» микросферасы, Екібастұз ферросиликоалюминий, Жезқазған осмий-187 «Қазақстан Республикасының минералды шикізатын кешенді өңдеу жөніндегі Ұлттық орталығы».

3 серия
Қазақстанда жасалған

Рыноктағы үнемі өзгеріп тұратын жағдайлар Қазақстан кәсіпкерлеріне дәстүрлі қызмет салаларында жаңа бизнес-шешімдер ұсынуға мәжбүрлейді. Бұл серияда – түйе және жылқы сүті негізінде өнім өндіру технологиясы, жылжымайтын мүлік құрылысы және жобалау саласының қазіргі заманғы жобалары, экологиялық таза құрылыс материалдарын, гипсокартон мен гофрокартонға арналған қағаздар өндіру, Оңтүстік Қазақстанда тоқыма және тігін өндірісін дамыту туралы баяндалған.   

4 серия
«Техно» стилінде

Калифорниядағы (АҚШ) кремний (силикон) алабы дүние жүзінде «технопарк қозғалысының» үлгісі болды. Бұл серияда - қазақстандық технопарктердің дамуы және республиканың түрлі аймақтарының еркін экономикалық зоналары туралы баяндалған. 

5 серия
Машина жасаушылар

Машиналар мен агрегаттар өндіру. Таяу арадағы жылдарда Қазақстанда негізгі машинажасау орталықтары құрылған жоқ еді. Бүгінгі қазақстандық кәсіпорындар түрлі техниканы өндіруді игеруде: газқұбыры агрегаттарынан бастап баржалар мен әскери катерлерге дейінгі.

6 серия
Кәдімгі керемет

Әлемдегі тұңғыш ғарыш айлағы Қазақстан жерінде орналасқан. Бұл жерден космосқа Жердің тұңғыш жасанды спутнигі, тұңғыш ғарышкер - Юрий Гагарин   ғарышқа аттанды ол адамзат дамуының ғарыштық дәуіріне жол ашты.
Енді, Ресей-Қазақстан арасындағы тығыз байланысы арқылы, ғарыш айлағы жаңа жобалардың куәгеріне айналды – Қазақстанның «Бәйтерек» ғарыштық кешені құрылысы салынды, «КазСат» байланыс спутнигі ұшырылды.
Сонымен бірге бұл серияда - бейбіт атом энергиясын Қазақстан ғылымына пайдалану туралы әңгімеленген.  

7 серия
ЭкоЛогика

Каспий, Бурабай, Шымбұлақ, Шарын каньоны – әлемнің түкпір-түкпірінен келгендерді ерекше таң қалдыратын Қазақстан табиғатының гауһар тәжін киген ғажайып жерлері. Қазақстанның табиғи байлығын мәпелеп сақтау, экологиялық таза өндіріс орындарын пайдалану ...  т.б.

8 серия
ИнфраСила

Жаңашыл жобалардың - қаржы, басқару және интеллектуалдық тәрізді үш құрамдас бөлігі – Қазақстанды одан әрі қарай дамытуға негізделген. Мемлекет пен бизнес мүдделерінің тоғысында Қазақстанның жаңа келешегін нығайтуға бағытталған  жаңа жобалар, қызықты идеялар мен  шешімдер туындайды.

9 серия
Өзгерістер энергиясы

Елдің ғылыми-техникалық дамуын энергетикалық дамусыз көзге елестету қиын. Мұнай және газ байлығын тиімді пайдалану – Қазақстан экономикасының жаңғыртудың негізі болып табылады. Бұл серия «қара алтын» мен «көгілдір отынды» өндіруде алдыңғы қатарлы әлемдік технологияны пайдалану жөнінде.

10 серия
Көшбасшылық сабақтары

Болашақ Қазақстанның күш-қуаты неде? Бүгінгі оқушылар мен студенттер біздің орнымызға келетіні заңдылық. Бұл серия Қазақстанның кадр капиталының қалыптасуы жайында.

Байланысшылар: Абдеева Яна; Ашетаева Арайлым
Тел. 26 79 99
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

konvertor