Медиасабақ
Медиасабақ - бұл оқу бағдарламасы, сондай-ақ берілген тақырып бойынша қосымша қызықты ақпарат алуға мүмкіндік беретін интерактивті әдістердің бірі. Сіз өзіңізге қажетті пән бойынша Медиатека топтамасынан бейнематериалды тамашалап қана қоймай, ойлау дағдыңызды кеңейте аласыз: пікірталас пен интеллектуалды ойындарға қатысып, жағдаяттарға тікелей қатыса отырып, пікір алмасып, біліміңізбен бөлісе аласыз.
Сіздің біліміңізді жетілдіру үшін Медиатека бөлімі бағдарламалар легін ұсынады. Медиасабақтар тақырыбы:
Көгілдір байрақ астында (азаматтық сабақтары):
- «Көгілдір байрақ астында» брейн-ринг;
- «Жолдау білгірлері» («Стратегия - 2050»);
- «Елің үшін не істей аласың» сұрақ-жауап кеші.
Қазақстанның мәдени мұрасы:
- «Қазақстан тарихы роман беттерінде» білім пирамидасы;
- «Қазақтың ұлттық ойындары» көңіл көтеру сағаты;
- «Қазақстанның жеті кереметі» («Сиқырлы жетілік») викторина-сабақ;
- «Астана – еліміздің астанасы» интеллектуалды ойыны;
- «Қазақ киносының алтын қоры» сериясын экраннан тамашалау.
География және экология:
- «Жерасты суы мен мұздықтар»;
- «Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар әлемі. Табиғи зоналар»;
- «Шығыс Қазақстан табиғаты»;
- «Теңіз құпиялары»;
- «Антарктида мұздықтарына саяхат».
Әлемдік көркем мәдениет:
- «Древние цивилизации в истории Земли»;
- классиканы экраннан тамашалау.
Этикет:
- «Сыпайылық еліне саяхат»;
- «Іскери сөйлеу дағдысы».
Бәрі де спорт жайында!
- «Жарқын Олимпиада»;
- «Спорт саңлақтары - қазақстандықтар».
Бәрін білгім келеді!
- «Интернет: пайда ма, зиян ба?»;
- «Жылдың 10 ең басты ғылыми ашулары мен оқиғалары».
Медиасабақтарға топпен, сыныппен келіңіз. Медиасабақтар тапсырыс бойынша, ақысыз жүргізіледі. Сондай-ақ, Медиатека бөлімінде өзіңізді қызықтыратын тақырып бойынша да сабақтар жүреді. Оқыңыз, Медиатекамен бірге әлемді таныңыз!
Тел: 267-999, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.