phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жек: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

"Парасат жолы" өңірлік орталықтарының ашылуы

23 ақпан күні сағат 11.00-де Zoom платформасында "Адалдық алаңы" жобасы аясында облыстық, аудандық және ауылдық кітапханалар жанынан "Парасат жолы" өңірлік орталықтарының онлайн ашылуы өтті. Негізгі іс-шара Нұр-сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының базасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаев пен мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлованың, сондай-ақ шығармашылық және рухани қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен өтті.

 Шығыс Қазақстан облысының өкілдері А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханаға жиналды, олардың ішінде: ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж. Е. Байділдин, ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары И. Ф. Смит, мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Р. К. Нұрмұханова, "Мұхамади" мешітінің бас имамы Ибрагим қажы, сондай-ақ жазушы, шығармашыл зиялы қауым және жастар өкілдері бар.

Онлайн-кездесу барысында «Парасат жолы» орталықтарының басты мақсаты - ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірге қоғамымыздың әртүрлі санаттары арасында адалдық идеологиясын насихаттау туралы айтылды.
Кездесуде сөз алғандар Абайдың ақыл, жүрек, ерік-жігер сияқты үш асыл қасиетті сипаттайтын "Толық адам" – кемелденген адам тұжырымдамасына және Шәкәрімнің "Үш анық" кеңесіне сүйене отырып, қатысушылардың назарын кітап пен ағартушылықтың адамның ішкі мәдениетін және оның адамгершілік қасиеттерін дамытудағы маңызды рөліне аударды: адалдық, еңбексүйгіштік, жақынына деген махаббат...Сондықтан барлық деңгейдегі кітапханалардың алаңдарында "Парасат жолы" орталықтарын ашу туралы шешім қабылданды. Кездесу соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаев пен мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова "Парасат жолы" орталықтарының бірлескен жұмысы туралы Меморандумға қол қойып, бұл қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда және құқықтық ағартылған мемлекетті нығайтуда әрбір адамның белсенді азаматтық ұстанымына жан-жақты ықпал ететініне сенім білдірді.

 


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp