Мейірімділіктің, батылдық пен жанқиярлықтың үлгісі
А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында 2022 жылдың мамыр айы бойы мерекелік іс-шаралар өтуде. Іс-шаралар бағдарламасы аясында 3 мамыр күні КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы, опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған Ұлан ауданы өнерпаздарының «Халқымның қаһарман қызымын» атты лекция-концерті өтті.
Лектор-орындаушы – ҚР мәдениет қайраткері, Халықаралық этноконкурстың бас жүлдегері Касенова Гуля Әутәліпқызы.
Дәріс барысында Гуля Әутәліпқызы қазақтың қаһарман қызының ұлттық әншілік өнердің дамуына, ұлттық эстрада жанрының қалыптасуына қосқан зор үлесіне тоқталды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Роза Бағланова ән салған ұжым майдан даласынан жарты шақырым жерде өнер көрсетіп, мыңға жуық концерт берді. Роза Бағланова жиырма тілде әскери және халық әндерін орындады.
Концерт-дәрісте барша халықтың сүйіп тыңдайтын әндері шырқалды. Әнші Гуля Қасенова «Ақ маңдайлым», «Ах-Самара городок», «Биле, биле», «Елімнің ерке қызымын» әндерін шырқады; «Бескөл» фольклорлық ансамблі мен «Катюша» көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелері баршаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |