Сәуір 2022
![]() Қасымов А. Қ. Белгілі журналист, қаламгер А. Қасымовтың дәрістер жинағы журналистік шеберліктің негіздерін үйрету, түсінікті қалыптастыру, қазіргі заманғы журналистерге қойылатын талаптарды белгілеген. |
![]() Дэвид Рэндалл
Қазақ тілінде ықшамдалып аударылған британдық қаламгер Дэвид Рэндаллдың әріптестеріне арналған кітабы. |
![]() Нурланова А. Н. Монографиядағы тұжырымдар мен жинақталған деректерді Шәкәрімтану жөніндегі еңбектерде сабаққа қолдануға арналған. |
![]() Роза Әлқожа
Елімізді әнімен сүйсіндіріп, тамсандырып жүрген Роза әншінің кітабына өлеңдері енген. Танымал әндерінің ең таңдаулы мәтіндерін де осы басылымда қамтылған. |
![]() Ширек ғасыр шежіресі = История в четверть века = A Quarter-Centurys history Кітап-альбомға Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану инстиутының құрылу тарихы, қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ғалымдар, ардагерлер мен қызметкерлер туралы материалдар топтасқан. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Наурыз 2022
![]() Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі Шығыс Қазақстан облысындағы Ақбауыр археологиялық кешеніндегі сақтардың қоныстары мен бұрын зерттелмеген Елеке сазы жайлауындағы қазба жұмыстарының нәтижесі ұсынылып отыр. |
![]() Қарабаев Ш. Қ.
Тарихи деректегі зерттеуде желтоқсан көтерілісінің тарихи түп-тамыры және көтерілістң негізгі қозғаушы күші сотталған желтоқсандықтардың заңсыз сотқа тартылуы және ақталу істеріне талдау жасалған. |
![]() Катонқарағай ауданы жер-су атауларының сөздігі Оқу құралы білім стандартын орындау, дәстүрлі тәрбие және оқытумен қатар, өлкетану мәселелерін оқытуда таптырмайтын көмекші құрал болады. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Ақпан 2022
![]() Анна Альшанская Жастарды жұмыспен қамтуда Қазақстанда және шетелдік мемлекеттерде қолданылатын соңғы үрдістер ерекшеліктері ұсынылған. |
![]() Советқан Игібаев
Оқырмандар назарына тарих ғылымының докторы, Қазақстан Жоғары мектебінің Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, ҚР Тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі Игібаев Советқан Қабдуәліұлына арналған. |
![]() Андрей Чеботарев Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде дамуының бүкіл кезеңінде жасалған және жинақталған үлкен идеялық-саяси мұраға шолу және талдау ұсынылған. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Қаңтар 2022
![]() Бодаухан Тохан Жазушы Бодаухан Тоханның алғашқы қазақ тіліндегі көне сөздердің жеке сөздігі қазақ тілінің құндылығын бағалайтын оқырмандарға арналған. |
![]() Кенжеғали Сағадиев - біздің замандасымыз
Мемлекет, қоғам қайраткері, академик Кенжеғали Әбенұлы Сағадиевке арналған замандастарының, әріптес дос-жарандары мен шәкірттерінің ой-пікірлері, лебіздері, естеліктері, қоштасу сөздері топтастырылған. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Қараша 2021
![]() Ш. Бейсенова, Ж. Аймұхамбет "Ұлы Дала арулары" сериясының үшінші кітабына ел тарихында есімі ерекше аталып келген аналарымыздың, ару қыздарымыздың ұлтқа үлгі, ұрпаққа өнеге боларлық тағылымдары, елдікті нығайтудағы іс- әрекеттері туралы танымдық жазбалар енгізілді. |
![]() Қуандық Шамахайұлы
Автор әдеби-көркем ой-толғамдарымен қазіргі қазақ қоғамының өзекті мәселелерін көтерген публицистикалық туындыларының таңдаулыларын ғана іріктеп, жинаққа топтастырған. |
![]() Төлеген Мұхтар Әділбекұлы
Еңбекте Абайдың қазақтың бұрынғы билік жүйесіне көп өзгерістер енгізгені, өз алдына заң жазып, оны іс жүзінде орындағаны дәлелденген.
|
![]() Еркінбай Әкімқұлов
Бұл жинаққа әйгілі композитор Шәмші Қалдақов пен жазушы Еркінбай Әкімқұловтың толық өмір деректері, қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановтың, Махмұд Қасымбеков пен Нұрлан Оразалиндердің жазбалары қосымша жарияланып отыр. Қазақ оқырмандары үшін Шәмшідей биік тұлғаны көркем ой-көсемсөзбен өрнектеп жазылған туынды. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Қыркүйек 2021
![]() Білгенге маржан Кітапта республикалық "Абай" журналының 1918 жылынан бастап шыққан мақалаларға шолу жасалған. Алғашқы санында жарияланған журналдың алғашқы редакторы Жүсіпбек Аймауытовтың "Журнал туралы" мақаласынан бастап, күні бүгінге дейінгі тікелей абайтану ғылымына арналған материалдар топтастырылған. |
![]() Тұрсын Жұртбай
Абайдың көзқарастарының қалыптасу жолы мен көркемдік жүйесін тосын қырынан талдап, тың тұжырым жасаған түбірлі зерттеу. |
![]() Джим Лоэр
Корпоративтік қызметшілерге арналған қағидаттар мен әдістер берілген. Қауырт жүктеме жағдайында тиімді жұмыс істеуге, бойыңыздан тың күш-қуат табуға, зерек ойлы, сергек жүруге үйретеді.
|
![]() Арап Еспенбетов
Кітапта С. Торайғыровтың ғұмырбаяны, шығармашылық жемістері, ақын қаламына тән шеберлік сырлары, сұлтанмахмұттану белестері қарастырылған. |
![]() Құнанбай қажы
Кітап тарихтағы Құнанбайдың келбетін анықтайтын нақтылы құжаттар жинақталған. Тың архив айғақтары мен естелік эсселер екі бөлімнен тұрады. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі