Мамыр 2019
![]() Зейнолла Қайсенов
ЖТанымал тарихшы, өлкетанушы, этнограф ұстаз Зейнолла Қайсеновтың кітабында ел тарихы, жер тарихы туралы баяндалған. |
![]() Зейнолла Қайсенов
Шежіреші Зейнолла Қайсеновтың жаңа кітабы тың деректермен толықтырылып, қарулы қақтығыстарды өз көзімен көрген қарттарымыздың аузынан жазып алған. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Сәуір 2019
![]() Шәкерхан Әзмұханбетов
Жерлес, жазушы-публицист Шәкерхан Әзмұханбетовтың "Үкілі найза ұстанған Үш Бәйжігіт" кітабы кітапхана қорын толықтырды. Бәйжігіт руы шежіресіне арналған зерттеулерді сын тұрғысынан сараптап, оларды тарих тезіне қарастыруды көздеген. Кітапта тарихи оқиға, аңыз-әңгімелер негізінде жазылған және деректі әңгімелерге, ғылым әлемінде қозғалған кейбір мәселелерге көңіл бөлінген. |
![]() Қазақстан дипломатиясының жаңа есімдері
Биылғы Жастар жылына байланысты жаңа туынды іспеттес. Тәуелсіз Қазақстанда туып-өскен жас дипломаттар туралы кітап. Дипломаттарымыз әлемнің әртүрлі түкпірлерінде, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда қызмет етуде. |
![]() Бақыткамал Қанарбаева
Автор кітабында посмодернизмдегі гуманизмнің күңгір және көлеңкелі тұстарына шешім іздетеді. Әдеби ағымдар туралы жағымсыз пікірлерді жоққа шығара отырып, қазақ әдебиетін дамытудағы ерекшелігіне баға беріледі. |
|
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Наурыз 2019
![]() Абай Құнанбаев
«Абай әлемі» кітаптар топтамасымен шыққан кітапта қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының толық шығармалар жинағына өлең, поэмалары және қара сөздері топтастырылған. |
![]() Шәкәрім Құдайбердіұлы
«Абай әлемі» кітаптар топтамасына таңдаулы жауһарлар еніп отыр. Ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының түрлі кітаптарға енген, әр жылдарда жазылған өлеңдері және дастандары жинақталған. |
![]() Әнші Әміре
«Абай әлемі» кітаптар топтамасына қазақ елінің әншілік өнерін тұңғыш рет күллі әлемге паш еткен Әміре туралы естеліктер, лебіздер, зерттеу мақалалары, өлең-дастандар жинақталған. Өмірінің қиын-қыстау кезеңі, беймәлім қырлары, оның теңдессіз орындаушылық шеберлігі, әртістігі жайлы тереңнен сыр шертеді. |
![]() Төлеу Көбдікұлы
Төлеу Көбдікұлының суырыпсалма және жазбаша толғаған өлеңдері, айтыстары, толғаулары, ақынның замандастарына арнаған өлеңдері және ол туралы естеліктер «Абай әлемі» кітаптар топтамасына енген. Өткен өміріміздің рухани бейнесін өткір сезім, ойлы сөзбен кестелеген шешен ақын. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Ақпан 2019
![]() Жыр арқауы - Елбасы
Кітапқа Қазақстанның Тұңғыш Президентіне арналған әр жылдардағы бата-тілектер, өлеңдер, толғау, поэмалар және ән мәтіндері енген. |
![]() Ел жүрегі - Астана
Астанаға арналып 2017-2018 жылдары мерзімді басылымдарда жарық көрген материалдар топтастырылған. Жинаққа естеліктер, ой-пікірлер, мақалалар мен сұхбаттар енген. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Желтоқсан 2018
![]() Әлихан Бөкейхан Аса көрнекті ұлт қайраткері дарын иесі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханға арналған. Тұлғаның өмірбаяндық деректері, қызметі, аударма мұралары туралы мақалалар енген. Алаш қозғалысына байланысты мағлұматтар, Алаш қайраткерлерінің өмірбаяндары берілген.
|
![]() Әлихан Бөкейхан Мақалалар. Жарияланымдар. Пікірлер (рецензиялар). Ғылыми ізденістер. Әдеби, ғылыми аудармалар. Хаттар : қазақ және орыс тілдерінде |
![]() Әлихан Бөкейхан Мақалалар. Кітап сыны. Ғылыми зерттеулер. Оқу-әдістемелік құралдар. Ауыз әдебиетінің үлгілері. Көркем, ғылыми аудармалар : қазақ және орыс тілдерінде |
![]() Әлихан Бөкейхан
Мақалалар, рецензиялар. Ғылыми зерттеулер. Экспедиция материалдары. Ауыз әдебиетінің үлгілері. Көркем, ғылыми аудармалар. Оқу-әдістемелік құралдар. Хаттар. Тергеу материалдары : қазақ және орыс тілдерінде |
![]() Орбұлақ өнегесі Орбұлақ жеңісінің 375 жылдығына орай шайқас жайындағы деректер мен зерттеулер, мақалалар, мәліметтер, ойлар, тәрбиелік мәні бар толғаулар мен көркем шығармалар жинақталған. |
![]() Абай Құнанбаев. Ұлы жазушылар мен ойшылдар кітапханасының «Менің 100 кітабым» сериясымен шыққан балалармен жасөспірімдерге арналған. Ұлы Абайдың өсиетке толы өлеңдері үш тілде берілген. |
![]() Кови Стивен Р. Бестселлер мәртебесіне ие болған аталмыш кітап қазақ тілінде шығып отыр. Әрқайсымызды мазалайтын сан түрлі сұрақтарға тұлғаны дамытудың тегеурінді тетіктерін ескере отырып жауап береді. |
![]() Дипломат жазбалары
Автордың кеңес заманынан бастап дипломатия саласында атқарған ұзақ жылғы қызметі, мемлекеттік және қоғамдық істері туралы еңбектері мен мақалалары енген. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Қараша 2018
![]() Сыдықов Е. Өлеңдерден үзінді беріліп, фотосуреттермен көмкерілген көрнекті фотокітап. Шәкәрімнің қажылық сапардан кейін жазған этикалық-философиялық трактаттары өзінің терең ойшылдығымен және эрудициясымен таңқалдырды. Шәкәрім шығармашылығының сыры осы заманның лебі еседі, өмірдің этикалық тұжырымдамасына енгізген нағыз осы шақтың адамсүйгіштігін, осы шақтың ойы мен осы заманның сезімін оқимыз. |
![]() Алаштың алыптары ХХ ғасыр басында Қазақ Елінің тәуеліздігі үшін күрескен Алаш қайраткерлерінің ерен еңбегін жастарға үлгі ету. Басын бәйгеге тігіп күрескен Алаш алыптарының ерлігін жүйелі түрде жинақтаған арнайы басылым. |
![]() Қазақ өнерінің антологиясы Қазақтың би-шешендерінің елшілдік, тапқырлық, ойшылдық, жалпыадамзаттық және классикалық дәуіріндегі құндылықтар, ұлы идеялар зерделенген. Шешендік өнер - қазақ көркем ойының энциклопедиясы, даналық дәрістерінің әлемі. |
![]() Қазақ өнерінің антологиясы
Қазақтың би-шешендерінің елшілдік, тапқырлық, ойшылдық, жалпыадамзаттық және классикалық дәуіріндегі құндылықтар, ұлы идеялар зерделенген. Шешендік өнер - қазақ көркем ойының энциклопедиясы, даналық дәрістерінің әлемі. |
![]() Серік Негимов Шешендік сөздерге арналған бұл томда ескі заманнан бергі ел есінде қалған шешендік қабілеттің ғұмырлы болуы. Сөз зергерлері Майқы бидің, Қазыбек бидің, Төле бидің және басқадай тарихи тұлғалардың шешендік мұралары енген. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі