Маусым 2016
![]()
Айғақ-кітаптың осы бірінші томында Алматы қаласында 1986 жылғы желтоқсанның 17-18 күндері болған оқиғаларға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөніндегі Мемлекеттік Комиссия материалдары мен Бүкілодақтық және Республикалық мерзімдік басылымдарды жарияланған мақалалар мен сұхбаттар топтастырылған.
|
![]() Смағұл, Б.
Парламент Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері, отаншыл азамат Бақытбек Смағұлдың осынау жыр жинағына ерлік пен елдік мұраттары өзек болған.
|
![]() Сайлаубек , Ә.
Ғылыми еңбекте 1991-2008 жылдардағы облыс тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, демографиялық даму көрсеткіштері мен көші-қон мәселесі қарастырылған
|
![]() Жамбыл Омари.
Ұлы дала тарихындағы оқиғалардың ортасында сол дәуірдегі ғажап бейнесі мен адамзат көшін бастаған ұлы тұлғалардың өмірбаяндарына арналған.
|
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Мамыр 2016
![]() Куашнинг Фолькер. Жаңартылатын энергия көздерінің жүйелері. Энергия көздері - күн, жел, су, биомасса және оларды тұтыну үшін қолайлы энергияның басқа түрлеріне түрлендіру туралы студенттердің білімін кеңейтеді. Энергетикалық жүйелерді пайдалану технологиясын үйретеді.
|
![]() Омарқожаұлы Н. Мал шаруашылығы негіздері
Оқу құралында мал шаруашылығының дамуына негізделетін бөлімдері – мал өсіру, мал азықтандыру, малды бағып-күтудегі зоогигиеналық талаптарды сақтау туралы мәліметтер қамтылған.
|
![]() Ісімақова Айгүл. Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттану
Монографиядағы қазақ әдебиеттануының теориялық мәселелері, постмодернистік зерттеулер, еңбектер, сондай-ақ қазіргі әдебиет теориясының хал-ахуалы әлемдік әдебиеттанудағы орны жаңаша зерделенеді.
|
![]() Төлепберген Болатбек. Ұлттық идея - тәуелсіздік тұғыры
Еңбекте қазақтың ұлттық идеясының қалыптасуы мен дамуы ел тәуелсіздігінің тұғыры әрі алғышарттарының бірі ретінде қарастырылады.
|
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Сәуір 2016
![]() Кемелбаева Айгуль. Сөз хикмет Жазушы, әдебиеттанушы Айгүл Кемелбаеваның көркем эсселері мен әдеби, өнертану, ғылымтану сұхбаттары енген. |
![]() Кәрібаев Берекет. Қазақ хандығының күшеюі
Қазақ хандығының жарты ғасырлық күресі Қасым ханның билігі тұсында хандықтың күшеюі туралы жазылған монография. |
![]() Пірәлі Гүлзира. Мұхтар Әуезов. Кітапхана
Мұражайдағы ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың кітапханасы қазақ әдебиеттану ғылымы мен библиографиясында, кітаптану ісінде тұңғыш рет жүйеленіп, зерттеліп жарық көріп отыр.
|
![]() Төлепберген Б. Қасиеттім - желтоқсан !
Автор Желтоқсан көтерілісіне қатысты толыққанды мағлұматты нақты деректермен дәйектейді. Көтерілістің бізге беймәлім қырларын баяндауды мақсат тұтқан. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Наурыз 2016
![]() Қазақстандағы оралмандар. Азаматтық алу. Оралмандардың экономикалық және әлеуметтік ықпалдасуын алға жылжыту. Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының қолдауымен «Қазақстандағы оралмандар» жоба шеңберіндегі түрлі сериялы кітапшалар. Оралмандардың құқықтарын айқындайтын мемлекеттік құзырлы орындардың міндеттерін сұрақ-жауап арқылы білуге болады.
|
![]() Семей қасіреті деректітарихи хикаят
Шерлі оқиғаның тірі куәгері, кітап авторы белгілі жазушы Медеу Сәрсеке. «Семей қасіретінде» ащы ақиқатқа кешегі ХХ ғасырда адамзат қауымына ел билеушілер жасаған қастандық жайында деректі тарихи хикаят.
|
![]() Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Ерекше қорғау режимі белгіленген мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер учаскелері, су объектілері және олардың ауа кеңістігі болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтың бірі - Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи парк туралы толық мағлұмат алуға болады.
|
|
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Ақпан 2016
![]() Қазақ хандары энциклопедиялық анықтамалық жинақ. Анықтамалық жинақта қазақ хандығында билік еткен хандардың жазба және дәстүрлі деректерге негізделген өмірбаяны мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты мәліметтер жинақталған.
|
![]() Қазақ хандығыэнциклопедиялық анықтамалық жинақ.
Қазақ хандығы тарихын археология, тарих, тіл, әдебиет, құқық сынды сан-сала руханият аспектісінде қарастыратын кітап азаматтық тарихымызды жаңаша пайымдауға бастайды. |
![]() Шығыс Қазақстан өнер мұражайы
Шығыс Қазақстан өнер мұражайының 25 жылдығына арналған. |
![]() Алдаш А.Сөз мәдениеті: жаңа қолданыстар негізінде
Қазақ әдеби тілінің лексикасындағы өзгерістер мен жаңалықтар, қазақ терминологиясын бірізділендірудің және аударма жасаудағы сөз мәдениетінің аспектілері қаралады.
|
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Қаңтар 2016
![]() Әмірова Д. Т.
Технокәсіпкерлердің болашақ қызметке дайындығын бағалау құралы ретінде холистикалық индикатор ұсынылған. |
![]() Дьяченко О.Г.
Стартап – компаниядағы зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудағы негізгі күрделі мәселелері мен оларды шешу жолдары сипатталған.
|
![]() Анықтамалық сөздік
Латын тіліндегі 1500-дей афоризмдердің, қанатты сөздердің, мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі және қазақ тіліндегі аудармалары берілген. |
![]() Ахметжанова, Фарзана.
Ғұлама ғалым, белгілі түркітанушы, қоғам қайраткері - Сәрсен Аманжоловтың халқына қалдырған ғылыми мұрасы бірнеше бағытта қаралған. |
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі