Автордың стилистика, орфография мен пунктуациясы сақталады.
Жазушы Асқар Алтайдың кітаптарын жақсы көріп оқимын. Өйткені оның шығармаларына арқау болған "Қыз бейіті", "Түйеқұлаған", "Тынбай сайы" т.б. маған етене жақын. Мен де сол ауылданмын. Бәріміз бала кезімізде осы аңыздарды естіп өстік. Алайда бала Асқардың естіп білген аңыз-әңгімелері кейін жазушы Асқардың қаламынан керемет туынды болып өріліп, Алтайдың тұмса табиғатын, кеңқолтық адамдарын кең әлемге таныстырып жатыр. Шығармаларын оқып отырып, басын бұлт бүркеген Алтайды, Құзғынды-Жайдақ, пен Сарытауды көз алдыңа елестетесің. Асқар Алтай шығармаларын оқуға ұсынамын.
Зиза Мұхтарханқызы
Жерлес жазушы Оралхан Бөкейдің шексіз тылсым тұңғиығына тартатын "Өз отыңды өшірме", "Құлыным менің", "Атау кере" романдарын оқуға ұсынамын.
Шекер Нұрғалымқызы

18 ғасырда орын алған тарихи оқиғаларды көркем бейнелеген романдар қатарынан Қабдеш Жұмаділовтің "Дарабоз" дилогиясын ерекше атап айтар едім. Оқыңыздар. Бұл тарихи сарындағы ерекше шығармалардың бірі деп ойлаймын.
Меруерт Жайлибаева
"Захир" өте қызық кітап. Әлі есімнен кетпейді. Егер фантастика, саяхат жанрына қызығатын болсаңыз Жюль Верннің кітаптарын оқуға кеңес беремін. Соның ішінде "Құпия арал" романы. Керемет кітап. Осы кітаптарды оқыңыздар.
Айсұлтанқызы Назым, оқырман
Менің кітапсүйер оқырман қауымға ұсынатын кітаптарым: А. Соловьевтың "Аттила" (орыс тілінен аударған К.Дүйсеев), Өтебай Қанахиннің "Құдірет", Ш.Құмарованың "Сезім патшалығы", Бибігүл Қабиқызының "Тауқымет", Ә. Сарайдың "Атырау", Т. Тілеухановтың "Соңғы сері", С.Жүнісовтің "Ақан сері" шығармалары. Оқыңыз, өкінбейсіз.
Қыдырова Н.