26 сәуір күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында нәзік лирикасымен оқырман жүрегін жаулаған жас ақын, «Төр Алтай» шығармашылық тобының мүшесі, «Жас қалам» жинағының авторы Шұғыла Төлеубектің шығармашылығына арналған «Шабыт шуағы» атты шағын шығармашылық әдеби кеш өтті.