1. Жалпы ақпарат
«Қазақтың Көкжал Барағы» әдеби және тарихи-танымдық байқауы (бұдан әрі – Байқау) Көкжал Барақ Шүрекұлының есімін халыққа насихаттау үшін ұйымдастырылады. Абылай ханның қаһарман сарбазы, халқы көкжал атандырған, аты үш жүзге мәшһүр тарихи тұлға Көкжал Барақ Шүрекұлы – XVІІІ ғасырда Қазақ елін қанымен, жанымен қорғаған Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Қарасай, Шақшақ Жәнібек батырлармен тізе қосып қаһарлы жоңғар-қалмақ басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, қол бастаған батырлардың бірі.
2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
2.1 Елін, жерін қорғаған қазақ батырларының есімін ұлықтау, жас ұрпаққа насихаттау;
2.2 Жастар бойындағы отанды сүю қасиеттерін арттыруға ықпал ету, елдік пен ерлік рухына, қайсарлық қасиеттерге баулу;
2.3. Өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға ықпал ету.
3. Сайысты ұйымдастырушылар, қатысушылар және өткізу мерзімі:
3.1. Байқауды ұйымдастырушы – А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы.
3.2 Байқауға ересек адамдармен қоса (жасы шектеусіз) мектеп оқушылары (9-шы сыныптан жоғары), жоғарғы және арнаулы орта білім ошақтарының студенттері қатыса алады;
3.3 Сайысқа қатысуға өтініш және шығармашылық туындылар 2023 жылдың 1 ақпанынан 1 мамырға дейін қабылданады;
3.4 Байқау ережесі кітапхананың https://pushkinlibrary.kz/ru/ сайтында және https://www.facebook.com/groups/pushkinlibrary.kz әлеуметтік желі парақшаларында жарияланады.
4. Сайысты өткізу шарттары мен тәртібі:
4.1 Байқауға қатысушыр жайлы толық ақпарат көрсетілуі тиіс (аты-жөні, туған жылы, оқу орны немесе атқаратын қызметі, байланыс номері);
4.2 Қатысушы Көкжарлы Көкжал Бараққа арналған келесі жұмыстарды жібере алады:
- өзі шығарған өлең-жырлар;
- ел ішінен жиналған аңыз-әңгімелер;
- танымдық деректер;
- естеліктер;
- Батырға арналған өлкетану сабағының үлгісі (мұғалімдер үшін).
4.3 Байқауға қатысушылар өтініштерін және байқауға ұсынатын жұмыстарын 2023 жылдың 1 ақпанынан 1 мамырға дейін Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 102 үйде орналасқан А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың Тіркеу бөліміне тапсыруына немесе Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript., Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. электронды пошталарына «Байқауға» деген тақырыппен жіберуіне болады.
4.4 Жеңімпаздар https://pushkinlibrary.kz/ru/ сайтында және
https://www.facebook.com/groups/pushkinlibrary.kz әлеуметтік желі парақшаларында жарияланады.
5. Қорытындылау және марапаттау:
5.1 Қатысушылардың жұмысы жас ерекшелігі бойынша, балдық жүйемен бағаланады;
5.2 Қазылар алқасы шығармалардың орфографиялық, стилистикалық және көркемдік ерекшеліктерін ескере отырып, дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтайды;
5.3 Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады;
5.4 Байқау нәтижесінде үздік болып танылған жұмыстар Көкжал Барақ батырға арналған электронды кітапқа енгізілетін болады;
5.5 Марапаттау рәсімі мамыр айындағы Батыр күні қарсаңында өткізіледі.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Өскемен қаласы, Қазақстан, 102. Пушкин кітапханасы
Байланыс телефондары:
Кемешева Меруерт: 87052819343
Абылгазинова Гүлбаршын: 87056241725