16 наурызда А.С. Пушкин кітапханасында қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу және әйелдердің қоғамдағы рөлін көтеру мақсатымен «Наурыз жұлдызы» атты байқау өтті.
Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып жатқан байқауға «Жан сарайы» атты әйелдер клубының мүшелері қатысты. «Жан сарайы» клубы қаламыздағы зейнеткер, кәсіпкер, үй шаруасындағы әйелдердің басын қосады. Клуб мүшелері апта сайын бас қосып отырады.
Клубтың басты мақсаты: әйел адамның өмірдегі орны - ошақ басы, бала қасы ғана емес, әр әйел қоғамның белсенді мүшесі болуға лайықты екендігін дәлелдеу. Әрбір топ мүшесіне барынша қолдау көрсету, рухани дамуына атсалысу, пікір алмастыратын орта құру, шығармашылықтарын шыңдау. Әр отырысқа стилист, оратор, дәрігер, хореграф, вокалист сынды мамандарды кезекпен шақырып, дәрістер алып отырады.
«Наурыз жұлдызы» байқауы бірнеше кезеңнен тұрды, атап айтқанда:
- Өзін өзі таныстыру;
- «Өнерлі өрге жүзер»;
- Ұлттық тағам шебері;
- «Салтымды сынап біл» (сұрақтарға жауап беру).
Әйел адам жар, ана ғана емес, ол жақсылықтың жаршысы. Әр бала анасын үлгі тұтады. Сондықтан да «Наурыз жұлдызы» байқауы қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттап, оларды жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдалануды көздейді. Қазақ халқы қашанда шеберлігімен, шешендігімен, «жақсы ән мен тәтті күйлерімен» ерекшеленетін.
Байланысшы: Абылгазинова Гүлбаршын,
тел. 87056241725